ВЕРНУТЬСЯ

-Фаризамысың жырдағы?!-Фариза өзi бiр дағы!Қазақтың бүкiл көңлiнде,Фариза қыздың ырғағы. Фариза жалын сөнбейдi,Тұлпарларыңды өңдейдi.Фариза-жырды қазақтар,Жазыстым десем сенбейдi. Фариза қыздар қайдасың,Жұлдыздар көкте жайнасын.Жаратқан мына Фариза,Фаризалардың тайгасын. Қайбiрiн айтам саған мен,Айта алмай кетiп барам мен.Отыз жыл бұрын аулақта,Қыз қуып едiк ағаммен. -Фаризамысың жырдағы?!-Фариза өзi бiр дағы!Қазақтың бүкiл көңлiнде,Фариза қыздың ырғағы! Айналу керек ұранға,Ойылу керек құралға.Фариза  сөзiн бұ қазақ,Ұқтыру керек ұланға!Не болып кеттiк мына бiз,Сөйлеген тiлдi қырамыз!Өлтiрiп болып бiр ұлды,Өлсiн деп және тұрамыз! Апармау үшiн бiздi әрмен,Қарайды бiреу ызғармен!Еркектiң түбiн көргенше,Өлгенiм жақсы қыздармен!.. Жазылсын бұл – сөз Құранға:Өлтiрдi бiздi бiр Алма!Қолдарым менiң шабылдыҰзатқан кезде БҰ НАНҒА! -Фаризамысың жырдағы,-Фариза өзi бiр дағы!Қазақтың бүкiл көңiлiнде,«Фариза» қыздың ырғағы! Ағалар өлдi мен үшiн,Тата алмай еккен жемiсiн!Толтыр деп ылғи жатады,Фариза – жырдың кемiсiн! - Фаризамысың жырдағы,- Фариза өзi бiр дағы!Қазақтың бүкiл көңлiнде,«Фариза қыздың» ырғағы!Қазақтың қызы – қайыстай,Мұны да көтер майыспай!Өлетiн тегiн қазақ жоқ,Қазаққа түсiн шайыспай! Қазақ деп қырық жыл қасардым,Мен бәлкiм ұзақ жасармын!Ез болғандарды аяймын,Ерлiгiн көрсем нашардың! Қайбiрiн айтам саған мен,Қайбiрiн айтам саған мен,Бала боп әлi мен жүрмiн,Қыз қуып едiм ағаммен. Балалық бiздiң шақ қайда,Көретiн бiздi һақ қайда.Таңылып барам, Фариза,Ағалар мiнген тақтайға! - Фаризамысың жырдағы,- Фариза өзi бiр дағы!Таптады менi аяққа,Қазан-табақтың құлдары! Аз ба әлде көп пе күнәмiз,Фариза қыздан  сұраңыз!Қазақтың толды мұңына,Қаршадай ғана мына қыз!Бiреуi сатқын, бiрi сұм,Күл тасыр қазақ күнi үшiн.Мынаның бас iй алдында,Еркек болғаның құрысын! Iштерiң толы кiрсiңдер,Әзiрейлi менен бiрсiңдер!Ақынды таптап аяққа,Өздерiң тiрi жүрсiңдер! Апармау үшiн бiздi әрмен,Қарайды бiреу ызғармен!Еркектiң түбiн көргенше,Өлгенiм жақсы қыздармен!.. Сырласар менiң кiмiм бар,Еркектi  көрсем жыным бар.Фариза – қыздар қайдасың,Айтатын бiрер сырым бар! Қазақтың айдай жiгiтi  ем,(Жiгiттiң тартар жүгi тең!)Мұқағали бола алмасам,Мен сенi қалай жiбiтем?!.        Ер адам бекер налынбас,Қалбай да көпке мәлiм бас!Фариза – қыздар болмаса,Жарамыз бiздiң таңылмас!Мұңымды көрер хан қайда,Су берер кiм бар таңдайға!Ирелiп құмда жатырмын,Жазылар кiм бар маңдайға? Самсаған судан құр қалып,Құмыңда жатыр бiр балық.Су құйсаң соның түбiне,Кетер-ақ едiм ырғалып! Жолықсай ендi жолыққыр,Құрығыр көзiм көрiп-тұр!Фариза жазып мен дағы,Кетейiн сосын... өлiп бiр!                18.10.2000 жыл.                     Маңғыстау