ВЕРНУТЬСЯ

(Ержан хазірет Төлегенұлына) Еліңнің, Ержан ата, жадындасың,Еске алып жатыр бүгін сағынғасын.Тәрк етіп, бабам берген тәрбиені,Ұрпағың тобасынан жаңылмасын. Мәңгілік күшін жоймас мәні мүлде,Тәнті етер тазалық бар тәліміңде.Риза болмағандай басты шайқап,Тұрасың көз алдымда әлі күнге. Қашанда бұл пендеге хақ бір өлім,Шын сүйген тәңіріңнің нақ құлы едің.Намазда алға жаяр ақ жаймаң да,Сияқты көрінетін ақ тілегің. Жылдар да өтті жанды мұз еткендей,Солғын жүз... Сүргін шақтың сызы өткендей.Қаз мойын жез құманың босағада,Қаздиып тұрушы еді, күзеткендей.Шыбығын жақсылықтың жаныма еккен,Есімде сырлы сөзің әңгіме еткен.Бейне бір мейірімнің белгісіндей,Жататын, жанарыңда мәңгі көктем. Құдайды құлай сүйсең, күнә ма шын?!Білемін, кей дінсізге ұнамасын.Адамдық қасиетті уағыздап,Ғибрат беріп өткен ғұламасың. Тұратын адалдықтан, ғұмырың – ән,Жаралған жаның сенің күн нұрынан.Түрменің тозағына төрт түссе де,Таймаған, сенім атты тұғырынан.Алатау сияқты едің бар Адайға,Дінімнің діңгегіндей дана қайда?!Құламай,  жай отынан аман қалған,Тұлғаңды ұқсатамын қарағайға. Дүние жалған деген, дүлдүлім-ай,Өтпедің ізгілікті үлгі қылмай.Жаңылсам бағытымнан,  жол сілтеші,Жарқырап темірқазық жұлдызымдай. Тастардай рухыңмен сен тыңайтып,Сырласам іштей саған, мен мұң айтып.Елім деп еңіреген Ержекем-ай,Келер ме сендей адам енді қайтып?!