ВЕРНУТЬСЯ

Теңіздің астында «теңіз» бар,Айтайын ең зәрін –ең ызғар:Қауіпті ол судағы тірлікке,Осыны барлаушыНегізге ал!Алға асқан салтанат –мұрамен,Каспий де патшалық, бір Әлем.Жалғасқан Аралға, Азовқа...Десеңіз ол қалай?Түсіндіріп бере алман мына мен.Асыққан құюға өзені,Суының бар қабат, кезеңі.Онда өмір тыныстап жатқанын,Әйтеуір түйсігім сезеді.Иә, солай сезген соң айтам да,Инвесторлар байқаңдар,Байқаңдар!                   Желтоқсан, 2003 ж.                  ***Өтті ғой небір жаман күн,Бүгінге жеттім. Аманмын.Не болар екен болашақ,Су патшалығына қол салған,Ұнамайды сұры заманның.О, Каспий!Бетіңді айғыз тіліктеп,Жібермекпіз жіліктеп.Итбалығыңның зарлы үнін,Бұрын соң естіп біліп пе ек?!Тәрізді алқа, сән тасы,«Қара маржаның» ән басы.Қалқып жүр бүгін бетіңде,Бекіре балық қаңқасы.Өзгеше әлем су асты,Итбалық момын,Жуас – ты.Жуасқа үйірҚай кезде де қиянат,Қиянаттар КаспиімеЖатыр қазір ұялап.Құрлық пен теңіз тел еді,Теңізсіз дүние өледі.Теңізге ажал құштырар, Байлықтың қанша керегі?                     ***Су патшалығы бар еді – ау,Ну патшалығы бар еді – ау.Жер – Ана --планетамыздың,Түрлі – түсті сәні еді – ау.Су патшалығын да жоқ қылмақ,,Ну патшалығын да жоқ қылмақ,Саналы тірлік саналар –Адамзат неткен ақымақ?!Табылар ма шын адам,Итбалықтың жылаған,Ұғынар мұңын көздегі.Ақырзаманды тудырар,Адамзаттың өздері.Қалайша бұған көнейін, Ақымақ демей не дейін?!