ВЕРНУТЬСЯ

      Ішкенім де жегенім күшаладай,

өмір еді неткен бұл құсаға бай,

атқылап-ақ
жатқаны қайғы мен мұң,

қатар қойған қалқансыз нысанадай!...

Аямайды жаныма батады деп,

кезегімен толассыз атады кеп.

Ызыңы да, көңілдің қыжылы да

күннен-күнге басылмай, жатады үдеп.

Қатып-семген қашанғы шер де шемен

ұсынады
улы зәр зер кесемен,

өзімді өзім жұбатып,

алдайын деп,

қалмайын деп сімірем мен де сенен.

Осы ма деп қалың ел ұғар қайғым,

жастығымды жата қап жұмарлаймын.

Бірте-бірте күш кеміп,

жүрек қана

қасарыса тістеніп, шығармайды үн!...