ВЕРНУТЬСЯ

Бақыт,БайлықАңсайтындар жол шегер,Сәтін тілеп Алла нұрын мол себер.Депті Сағди: «Қадыры оның болмас ед,Түннің бәрі қадыр түні болса егер».Адал жүрген жамандықты сезбес ер,Ала құйын мінезіңе төзбес ел.Оқып оның жан дүние, ой- үнін,Әр пендеге Қыдыр -Ата  кездесер.Бір ғажапты күтесіз ғой енді Сіз,Ғайып дидар кездесуге бергісіз.Ер жігітке кезігеді кім болып,Бірақ,БірақҚыдыр-Ата белгісіз?!Қайыршы боп,Ақсақал боп,Қыз болып.Аппақ қар боп,Ақ жауын боп,Мұз болып.Тарапынан Қадыр түні Алланың,Ізгіліктер жатар болар ізделіп.Бар болғаны қайыршыға,Қайырым қыл –төлемің.Ақсақалға дұрыс болсын сәлемің.Қарындас, -деп туыстықпен қарасаң,Ал аруға әдемі...Қайыршыға қара тиын бермесең,Ақсақалды өз атам,-деп білмесең.Ал аруға, ал аруға нәпсіңнің, Арам ойын үрлесең...Келіп тұрған ұшырғаның бақ құсын,Білмегенің ең бақытты шақты шын...Қыдыр –Ата кездеседі күн сайын,Бірақ оны ұғынбайды көп кісің...                                        Ақтау, 15. 09. 09