ВЕРНУТЬСЯ

   Орынсыз өмір сөккенде,

Амалың болмай өктемге,

Содырдан жапа шеккенде,

Ақ-қарасын ашуға

Табылмаса еш пенде,

Аударып кітап парағын,

Қадырды оқы қарағым.

Былғаса өмір батпағы,

Басқанда қайғы батпаны,

Байқалмай таңның атқаны,

Белгісіз күннің батқаны,

Езіліп еңсе жатқаны -

Қадырды оқы, балақан,

Аймалар сені алақан.

Жүректе сезім өшкенде,

Көңілден сенім көшкенде,

Кешегі досың өшпенде,

Өмірден, жаным, шошыма,

Қадырды оқы, сескенбе,

Көмексіз қалмас еш пенде -

Торыққанда досыңнан,

Табылады қасыңнан.

Қадырды оқы, Қарындас!

Қуанышты кезінде

Өзіңдей боп төгілер.

Қайғы басса сезімді

Өзіндей боп үгілер.

Ізеттілік іздесең,

Жоқшың болар көреген.

Адамшылық іздесең,

Ақылшың болар береген.

Ерді сүйген жар болсаң,

Мейірман ақ баташың.

Нәрестелі жан болсаң,

Мөлдір көзді боташың.

Жан болсаң егер жарымжас,

Дертің болса арылмас -

Бәрібір оқы Қадырды,

Сырласарсың қарындас...

Қадырды оқы, Азамат!

Намысың арды қозғаса

Ерінді атқа салысар.

Жаныңа батқан жараңның

Өзегін бірге алысар.

Білектің күші жетпесе

Қол шоқпар қылшы ұратын.

Өнерге өрең жетпесе

Тұғырың сол ғой тұратын.

Еліңнің қамын ойласаң

Көрегенің сол сұңғыла.

Ұлыңцы халқым сила, сен,

Әр жолы өлең бір мұра.

Жігіт болсаң намыссыз,

Жүре алмас: сайсыз, қамыссыз,

Іс істей алмас таныссыз -

Бәрі бір оқы Қадырды,

Үйрен қалай өмірде:

Берілмеуді алыссыз,

Сөйлемеуді мәніссіз.

13.12.1988 ж.