ВЕРНУТЬСЯ

Қалбай Әбдіраманов - 1947 жылы 15 мамырда Қарақалпақстан Республикасының Беруни ауданында туылған.  1974 жылдан КСРО Журналистер одағының, 1980 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі болған.Шығармашылық сапары мектеп қабырғасында жүргенде 1962 жылдардан басталған. Ақынның алғашқы өлеңдері сол 1964-65 жылдары «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері», «Балдырған», «Совет Қарақалпақстаны», «Әмудария» тәрізді газет-журналдарда жарияланған.1965 жылы орта мектепті бітіріп ҚазМУдің журналистика факультетіне түспек болады. Сынақтан өте алмағанмен, сол жылы Алматыда қазақтың көптеген ақын-жазушыларымен танысып-біліседі. Солардың арасында жерлес ақын ағасы Төлеген Айбергеновпен бір пәтерде баспаналап, қамқорлығына бөленеді, Мұқағали Мақатаевқа өлеңдер оқытады. Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан  Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевпен сол кездерде басталған ұстаздық-шәкірттік байланыс 47 жылдан бері осы күнге дейін сабақтасып келе жатыр.1966 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Қарақалпақ Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен Қалбай Әбдіраманов бұл институтты 1971 жылы бітіргеннен республикалық «Совет Қарақалпақстаны» газетіне жұмысқа орналасып, онда 1981 жылдың желтоқсан айына дейін 11 жыл газеттің әдебиет және өнер бөлімінде тілшілік, меңгерушілік қызметтерін атқарады.Ақынның сонда жүргенде 1977 жылы «Жүректегі жазулар», 1981 жылы «Келешекке сапар» атты өлеңдер жинақтары жарық көреді. 1968 жылы «Әму гүлдері», 1977 жылы  «Сәуір» ұжымдық жинақтарында,1981 жылы татар тілінде Қазан қаласында жарық көрген қарақалпақ ақындарының «Арал дулкыннары» атты антологиясында  жарияланады.Осыған қоса-қабат оның өлеңдері қазақ баспасөзінде қатарласа жарық көріп, «Қыс» атты өлеңі қазақ сыныптарының «Ана тілі»  оқулығына кірді.Қалбай  өз Отаны –Маңғыстау облысына келгенге дейін ұзақ шығармашылық дайындықтан өтті. «ҚАЗАҚНАМА: Қазағыма хат» атты көптомдық қолжазба бітірген  ол 2000 жылы мамыр айының аяғында бүкіл жанұясы, бес ұлы, екі қызы, немерелерін қолынан жетелеп Ақтау қаласына ат басын тіреді. Маңғыстауға келгеннен бергі жерде ақынның өлеңдері газет-журналдар басылымдарын есепке алмағанның өзінде елуге жуық әрқилы кітаптарға енді. Ақынның өлеңдері 1967-1995 жылдар аралығында 28 жыл «Ана тілі» оқулығында оқытылған болса, қазіргі шақта «Ана тіліме», «Ұлдарыма насихат»  атты өлеңдері Өзбекстан Республикасы білім беру министрлігі тарапынан бекітіліп 2005-2006 оқу жылынан бастап қазақ сыныптарының 7-сынып  әдебиет оқулығы және хрестоматиясына енді. Оқулықтың бір басылымының таралымы 14000 дана. Ақын бұл оқулық-хрестоматияда Т.Айбергенов, М.Шаханов, Ө.Қожамұратов сияқты ақындармен жалғастырыла оқытылуда. ДҮРКIРЕП ЖЕТКЕН ЖЫР-НӨСЕР“Қарақалпақстаннан бiр ақын келiптi, жиын-тойларда аңқылдап өлең оқиды екен”, - дегендi еститiнмiн. Поэзия әлемiнде жұлдыз болып жарқыраған, жыр ақиығы Төлеген Айберге­нов туып-өскен өлкеден небiр жүйрiктердiң шығуы заңды ғой. Бiр күнi жұмысыма қараторы өңдi, жiгiт ағасы iздеп келдi. Бұрыннан таныс-бiлiс адамша iшi-бауырыма кiрiп барады. “Мен Қалбай Әбдiраманов деген ағаңмын ғой. Ақынды ақын iздемесе бола ма? Мен өлгенде сендер болмасаңдар кiм көмедi?” - дейдi. Әп-сәтте сөзiмiз жараса кеттi. Бiр сөздi бiр сөз қуып, сыр-сұхбатымыз қыза түскенде: “Тыңдасаң өлең оқып жiберейiн!”,- дейдi. “Оқыңыз!”, - деймiн. Жыр тиегiн ағытып, өлеңдi түйдектетедi. Сөйтiп, отырғанда жұмыс күнiнiң жартысы өте шығыпты. Араға күн салып ол тағы келдi. Әңгiме әдеттегiнше қайта өрбiдi, Қалекең жыр­ларын төгiп-төгiп жiберiп, тынышталып, қайта жадырайды. Бейне бiр нiл аспан аяқ астынан бұлт құрсамаланып, қайта жадырағандай әсерге бөленесiң.Ертеңiне үйiне iздеп бардым. Бәз бiреулерге сырт қарағанда көпсөздiлеу, қожанасырлау көрiнетiн ақжүрек ақынның жан-дүниесiне үңiлгендей болдым. Туған халқына деген сағынышы, кiршiксiз махаббаты баурап алды.Жауқазын гүлдей бүр ашып,Далада тудым өзiм мен,Ойнақтап өстiм қыр асып,Сонау бiр жастық кезiмнен.Көрмедiм жасып, жалтақтап,Сындарға талай түстiм де,Шалқая бастым шалқақтап,Кең дала сенiң үстiңде.Ақырғы демiм жеткенде,Топырақ қылып төк мейлiң,Сонда да солмай көктемде,Жапырақ болып көктеймiн.Осы бiр жауқазын жырдан-ақ тума дарынның аяқ алысы бiлiнбей ме?! Бұл ақынның отыз жетi жыл бұрын (10.09.65 ж.) “Қазақ әдебиетi” газетiнде жарияланған өлеңi. Қалекең ол кезде он сегiз-ақ жаста екен. Сол жылдардағы өлеңдерiнiң өзiнен өршiл рух байқалып, азамматтық әуеннiң лебi еседi.1947 жылы Қарақалпақ елiнiң Бируни ау­данында дүниеге келген Қалбай мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, “Қазақ әдебиетi” газетi мен республикалық “Әмудария” журна­лында балауса жырларымен көрiндi. Оның 1965 жылы Алматыға оқуға түсуге барғанда ақиық ақын Төлеген Айбергеновпен кездесiп, дәмдес болуы, бiр пәтерде тұруының өзi бөлек әңгiме.1966 жылы “Балдырған” журналының бiрiншi санында ақынның “Қыс” атты өлеңi жариялан­ды:Келiп жеттi қыс тағы.Күндер өтiп шуақты.Қарлы боран тыстағы,Қыс ашуы сияқты,Тоңып қалар денеңiз,Келдi қыстың кезегi.Күнге күйген денемiз.Суыққа да төзедi.Жұп-жұмыр осы екi шумақ қазақ мектептерiндегi бiрiншi сыныптың “Ана тiлi” оқулығына енiп, 28 жыл бойы оқылып келедi. 1977 жылы “Балдырғанның кiтапханасы” сери­ясымен “Қыс” атты кiтапша шықты. Мұндағы Абай бастаған алты ақынның бiрi - Қалбай Әбдiраманов.Ақынның қарақалпақ тiлiнде жарық көрген “Жүректегi жазулар”(1977 жыл) атты жинағын оқып шықтым. Шағын кiтапша салмақты көрiндi. Алғашқы беттегi “Күмiс қоңырау” өлеңiнде өзi айтқандай ешкiмге ұқсамайтын өз даусымен та­нылуды мақсат тұтады.Ал, “Әке мейiрiмi” өлеңiн оқығанда ерiксiз езу тартасың. Оқиға былай өрiледi. Шаруаға қолғабысын тигiзiп жүрген Қалбайды әкесi: “Менiң балам азамат болған екен”, деп қайта-қайта мадақтап қояды. Онан сайын мақтау естiгiсi келген бала бақшадағы әлi пiспеген көк түйнектердi жұлып алып жинап қояды. Мұндай “қызыл қырманды” көрген әке қатты ашула­нып, ай- қайлап тұра ұмтылғанда бала қаша жөнеледi:Мен зып бердiм айдалаға лағып,Мына сөздi естiдi тек құлағым.-Аяғыңа тiкен кiрiп кетпесiн,Абдырамай жазыққа қаш, шырағым,Жинақтағы махаббат, достық, көңiл-күй ли­рикалары тартымды оқылады. Жүректi селт еткiзер өршiл рухтан жаңылмайды.Барлық нәрсе бермейдi ғой бiлiне,Мен ғашықпын өз тауымның гүлiне.Жыр жазғанда қандай тiл бар қанеки,Жететұғын менiң ана тiлiме.Әркiмге ұлы ата жұрты, Отаны,Басыңызға күн тумағай қапалы.Көп тауларды менсiнбеймiн кейде мен,Өз тауымды көтерсем деп жоғары.Алғашқы жинағынан-ақ, жыр сүйер қауымға танылған Қалбай 1981 жылы қарақалпақ тiлiнде “Келешекке сапар” атты екiншi жыр кiтабын ұсынды.Ақын болсам, сөздерiм жетсе деймiн,Батыр болсам, жауыңды өкшелеймiн,Сен дегенде жойылып шекаралар,Құлағыңа дауысым жетсе деймiн.- деп ағынан жарылады ақын. Немесе “Әке кеттi өмiрден” өлеңiнде былай дейдi.Жеңiс келдi, халықтың құты келдi,Мұңаяды кiм аза тұтып ендi.Азаматтар өлген жоқ бостан-босқаБiзге келген ажалды жұтып өлдi.Кiтаптың алғы сөзiнде айтылғандай ақынның лирикасы жiгерлiлiгi, ой-өрiсiнiң кеңдiгiмен тартымды. Отан, туған жер, адамгершiлiк, адамның бiр-бiрiне деген мейiр-шапағаты - негiзгi тақырып.Қалбай Әбдiраманов қарақалпақ жерiнде кеңiнен танылған үлкен ақын. Оның жырла­ры 1980 жылы Қазан қаласында шыққан “Арал толқындары” атты қарақалпақ поэзиясының ан­тологиясынан, көптеген ұжымдық жинақтардан орын алды. Пушкин, Есенин, Исаковский, Твар­довский сияқты поэзия алыптарын, бiрқатар әзiрбайжан, башқұрт, татар, қазақ ақындарын қарақалпақ тiлiнде сөйлеттi. Өзбекстан және Қарақалпақстан халық жазушысы Жолмұрза Аймұрзаевтың мұнан жетi жыл бұрын беделдi журналға берген сұхбатында: “Қалбай кере­мет ақын едi. Маған онсыз қазiргi поэзиямыз қаңырап босап қалғандай болып сезiледi”,- деуi тектен емес. Бұл оның қазақтың Төлеген сынды жыр жампозын дөреткен топырақтан тағы бiр талантты ақынның шыққанын айтқаны болса керек.Қалбайдың айтуынша ол он сегiз жыл баспасөзге шығарма бермеген.Ақын деген шабыт бұлағы,Бөгей берсең тесiп шығады.Түрткiлеме өз балаңды сен,Онда ақындар қайдан шығады?Тек ақымақтар iшер суынаКiрлеп кеткен қолын сұғады.Ақындарға тимең, адамдар!- деп ақынның өзi жазғандай бiреулер оның кiршiксiз адал жанын жаралап, жырына қол сұққан. Ондайды көтере алмаған мәрт ақын морт кеткен. Ендi мiне, бойындағы арқыраған жыр тасқыны арнасына сыймай атажұртына та­бан тiреп отыр. Қалбайдың шығармашылығын шағын мақалаға сыйғызу мүмкiн емес. Бiз тек елiм деп еңiреп келген арқалы ақын жайындағы үзiк сырды көпке ұсындық. Оның:Гүл болып шықты өлеңiм.Құлпырып тастың үстiне,-деп жазғанындай жырлары Маңғыстауға келген соң қайта жаңғырды. “Ақыны көп елдiң рух-жiгерi асқақ болатыны хақ.” Ендеше Қалбай Әбдiраманов сынды жыр жүйрiгiнiң өлкемiзге келуi-үлкен қуаныш. “Құдайдың бiр есiмi-халық, одан үлкен құдай жоқ”,- деп Қалекең өзi айтқандай, оның еңбегiн бағалайтын, бағамдайтын халқы бар. Дана халқымыз болат кездiктiң қын түбiнде жатпайтындығын, ал шын асылды тот баспайтындығын айтып еткен. Ен­деше, оның жырларының да көмескi тартып, мұқалмасы анық.Темір МыңжасҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Қалбай