Қанша қағаз
жыртылды,
Қанша жаңа жыр
туды.
Шабыт сайран
салды үйде,
Менің билеп
ырқымды.
Үйден
алаң-елеңмен
Атқа мініп
жөнелгем.
Көңіл Сырдың
суындай,
Өмір сүрдім
өлеңмен.
Әсем ән мен күй
далам,
Шуағыңды құй маған.
Балаларым -
бақытым
Аллам өзі
сыйлаған.
Туған жерден мен
өндім,
Бақытқа да
кенелдім.
Ортасында
солардың
Ормандағы
еменмін.
- 83 просмотра