ВЕРНУТЬСЯ

        Қарақаттай
сенің мөлдір көздерің,

Қайтіп қана жары болдың өзгенің?

Өзің, бәлкім, алдасаң да өзіңді,

Көзің мені алдамасын сезбедің?

Қарақаттай сенің мөлдір көздерің...

Қайтіп біздің сырды ұмытып тастадың,

Қайтіп қана жары болдың басқаның?

Қандай қиын қапылыста кездессек,

Қарақаттай көзіңді ала қашқаның!

Бәлкім, кезің қунақ өмір сүретін,

Бәлкім, кезің күліп-жайнап жүретін.

Қарақаттай көзіңді мен аяймын,

Жанарыңда қалған еді суретім!

Қарашықта өшпей қалған суретім!

Мен өзімнің айыбымды санаймын,

Көңілімде саған бақыт қалаймын.

Қалаймын да,

Қайтті екен деп көздерің,

Қарақаттай көздеріңді аяймын!

Күнәсі жоқ көздеріңді аяймын!