ВЕРНУТЬСЯ

            Әнші жоқ

Қараөткелде менен асқан...

ҒАЗИЗ ақын

Анадан
ақын туған Әкбар досым,

Тізгіндес,

үзеңгілес,

көкпарласым,

Тұғырда
қыраныңды түлетесің

Топқа caп
жүргенде жұрт көк қарғасын

Қолдағы қырандай ғой

Елші деген,

Сарабдал саясатты еншілеген.

Айта алмай,

ақтара алмай аһ ұрасың

Көңілде сырың болса көншімеген.

Сонау жыл кездестік те сағынысып,

Елімді көрсетіп ем алып-ұшып.

Зайсанның тауларында толғанып ек

Бұғының
мүйізінің қанын ішіп.

Есте ме,

Татып алып шарап дәмін,

Қоймап ек Қара Ертістің шабақтарын

Туған жер бұрымына қайшы тиіп,

Келіп жүр бұл
жалғанды ардақтағым.

Көйлегі ақын жанның көктемдей көк,

Қар жауса көкорайға неткен бейнет?

Есімде Ыстықкөл деп қайғырғаның,

Ішіңе у құйылып
кеткендей боп.

Ақынның әр сөзінің атасы бар,

Елшілер - сынық салар оташылар.

Екі елдің бел баласы, төл ақыны,

Қазақтың үш биінің батасын ал.