ВЕРНУТЬСЯ

( Ай-апам Әзиханға) Бар бүгін келетұғын күнге сенім,Өйткені мен Өзіңмен тілдесемін.Әз-апа,Құдай мың жыл өмір берсе,Жығылам  аяғыңа күнде сенің!.. Тас болсам саған қарап жылысар ем,Тау болсам Алатаумен туысар ем.Алысқа Әз-апамнан кетпеу үшін,Дос түгіл,дұшпаныммен жұғысар ем!.. Жел болсам саған қарап есер едім,Күн болсам шуағымды төсер едім.Сол жерге барарыңды білгенімде,Мен кеше-ақ Қаскелеңге көшер едім Мені ая,аяр болсаң, тарғыл аспан,Жаңылып кездерім көп, жарды басқан.Жоғалтып аяпамды алам ба деп,Сағынып хат жолдадым қарлығаштан. Құрғатты көз жасымды сүртіп көктем,Қондырып бұтағыма... үркіп кеткен.Мені биік ұшсын деп...қас дұшпанды,Құдайдан айналайын мылтықты еткен!..Өрлемесең бақытың жанбайды екен,Төрлемесең құмарың қанбайды екен.Бүркіт екеш бүркіт те атқан оқтан,Өлмеу үшінБиікке самғайды екен! Қорықтым-ау,Қорықтым өлем бе деп,Дұшпан салған жарақат денемде көп.Алпыс жаста отырдым босағаға,Асыққаннан он бесте... өлеңге кеп!.. Шынымды айтсам біреулер мін көреді,Ғұмырымның,қайдасың, іргелері!..Сен көрмесең,Әз-апа,ел көрмесе,Бақытымның жанғанын кім көреді?!. Қырандардың соңынан қыран ерсін,Жас қосылсын!Келіндер туа берсін!..Жақсылары салтанат құра берсін!..Жаманы да қазақтың ...тұра берсін!.. Арым да сен,Әз-апа,кием де сен,Мен осалмын өзіңе сүйенбесем.Жыр жазарда күмілжіп,кібіртіктеп,Жыр жазбаймын...түсіме жиі енбесең!..                   2Бақытыңды келемін бастан тілеп,Мынау әлем сенсізде тастан түнек.Інім десең  көңілім құлпырады,Иығыммен тұрғандай аспан тіреп!.. Бұл өмірде бар менің бір ғана ағам:(Мәңгілікке өзгесі...сырғанаған!..)Пайғамбардың жасынан өтіп барам,Бір ескерткіш соғам деп...жырдан оған. Суретшідей сағымды сағымға ұрып,Кеш ойлаппын...ойланар шағым кіріп.Тәжін,тағын соқсам да сом алтыннан,Қоям оны өзіңе бағындырып... Мың жасайтынӘз-апа-ау,еменсің-ақ,Келем Һақтан  саған сайөлең сұрап.Тәжімақалдың сызып төрт қабырғасын,Жанарымен көзімнің келем  сылап. Айналайын қазақтың хандарынан,Таққа мінген ізгілік салдарынан!..Мен де ағамды бір күні биіктетем,Хантәңірдің тас әкеп мәрмарынан!Керек шығар қиялдан бәлкім аспау,Жаман  бірақ көңілді халқыңа ашпау.Мен өзіңді көтерем ханнан биік,Ханшатырға қойдырып...алтын астау. Мың жасайтын,Әз-апа-ау,еменсің-ақ,Келем Һақтан саған сай өлең сұрап:Тәжі-ағам таққа отырған үш мемлекетін,Басқаратын болады сенен сұрап!. Мен қазақты бай қылам,арлы қылам,Барлық бәле-көңілдің тарлығынан.Қазақтың сексен бес мың өзенінің,Сен шалқисың су ішіп барлығынан!.. Мен қазақты бай қылам,арлы қылам,Барлық бәле-көңілдің тарлығынан...Қазақтың қырық сегіз мың көлдері бар,Алтын балық суырған...Сандығынан!.. Асып-тассам,Әз-апа,Шектемейсің,Шектей берсең көңілді-көктемейсің!..Ханшайым ғып,хан қылып қойсам дағы,,Жарты кило күніне ет жемейсің!..Дала қимай қайтейін,қала қимай!..Мен көтертсем көтертем ...шала құймай!..Мен сендерді өтемін дәріптеумен,Бойға сіңсе  бір үзім қара бидай!.. Жүгін артып қазақтың қасқа өлеңге!...Шашып жүрмін байлықты шаш дегенге!..Ұстазымды хан етіп тіктеу үшін,Менің көзім бұл күнде-Қаскелеңде!.. Бір ағамнан бір ағам кем еместей,Өрлемейді бұл қазақ өлеңі өспей!..Елорданы Нұр ағам салып бітсе,Қарызымды не бопты төлеместей?!.. Сендерсіңдер асылым,маржаным да!..Айым ,Күнім,Жұлдызым!..жан-жағымда!..Жетпіс бес жыл аққудай жетелескен,Алматының арманым аржағында!.. Теңіздер адамымен тереңдейді,Тауың да тауды көрсе төмендейді!..Жүргенсоң ағам,апам бауырыңда,Түсіме сенен басқа жер енбейді,Ақындар жыр жазбайды жантасқанға!..Мен бүгін үн тыңдадымЖартастан да!..Жақсылығы арқылы адамының,Мен жерімдіКөтердімАлты аспанға!.. Ақ қала,ұлыма арман,қызыма арман,Сәніңді  қай сәулетші сызып алған!..Ақиық ағалардың ізі қалған,Арулар өкшесінің бізі қалған!...Ай,Күннен аймақпысың үзіп алған,Ақ сүттен қаймақпысың  сүзіп алған?!. Қарасай,аман болғын,Қаскелеңім,Төмендеу Қаскелеңнен-басқа өлеңім!..Әз апам Қаскелеңде аман жүрсе,Мен тіпті қына болып тасқа өнемін!.. Ұлтымды хан көтердім жүріп төмен,Тау болып тау,тасыммен бірікті өлең!..Мен әлі талай барам Қаскелеңге,Ағамды көрем деген үмітпенен!.. Мен ылғи махаббатқа кезігемін.Сарғайсам сағыныштан езілемін.Мен енді Қаскелең деп  оянамын,Мен енді Қаскелең деп көз ілемін!...Жеріңнен жер таппадым көріктірек,Тасыңа тауап еттім келіп түнеп.Егер мен өле қойсам,Қаскелеңді,Сүйгеннен, айтарсыңдар, өліпті деп!.. Тауды,тасты сүйіңдер тауап қылып,Жұлдыздарды жүріңдерқанат қылып.,Мен дала мен қаланы  бағаладым,Кім барына ол жерде қарап тұрып!..  Жаныменен адамныңкөркем көше,Мені біреу құл болам ертем десе.Керегі не бауырдың,туысқанның,Бірін бірі сағынып,өртенбесе?!.                                 2010 жыл.                               Күз айлары.