ВЕРНУТЬСЯ

         Қазақстан, сен
өлсең,

 жалқаулықтан өлерсің,

 аласармай өр еңсең,

 аңқаулықтан өлерсің,

анталаған өздері,

қанталаған көздері

қорқаулықтан өлерсің.

Қазақстан, сен өлсең,

байлығыңнан өлерсің,

қылқындырып қол өңшең

шайлығудан өлерсің.

Салт-сана жоқ, дәстүр жоқ,

қамаудағы қасқыр боп,

қайғы-мұңнан өлерсің.

Қазақстан, бүгін сен,

Тарихыңа үңілсең:

бабаң берген біліммен

тіліңменен, дініңмен

тірілерсің - тірілсең!.