ВЕРНУТЬСЯ

Мәңгі мұз құрлық-Антрактиданы қақаған,Ерітейін жүрегімнің отымен.Жол табайын Ай-Шолпанға да апарар,Ерші, жаным өтінем.Ғайып боп кетсеңЖатпаймын тау деп, теңіз деп,Бір сен боп қана арманым менен аңсарым.Кезбе боп кетем, айналып шығам сені іздепЖер Шарын,Қайғырмай-ақ, ақ үмітіммен саспай-ақ,Басып өтем миллион шақырым жолды көп.Саяхатымда жаңа Америка ашпай-ақ,Өзіңді тапсам болды тек.Махаббатымның беріктігіне сене бер,Жүректе жатыр, айтылар саған талай сыр.Ғайып боп кетсем мен егер,Іздеуге өзің қалайсың?           ***Бақытым-ау,Сәтінде сен жолыққан,Терең деген теңізің де келмес еді тобықтан.Өр қиялым аспанменен жатар еді таласа,Тауларың да көңілімнен болар еді аласа.Ақ жүзіңнен көмескі боп қалар еді Айың да...Әнге салып тұрар еді ақ балтырлы қайыңдар.Сырлы күй боп кетер еді маңайдағы үн біткен,Ашар еді қауыздарын бақтардағы гүл біткен.Кездеспей-ақ, келесің ғой,Асыл бақыт тек әттең,Басыма кеп қонарыңды күтіп жүрмін тағатпен.                        ***Қызғанасың, сен мені қызғанасың,От боласың, кей-кейде мұз боласың.Шашын талдап ес-түссіз жұлардайсың,Көрсең тұрған қасымда қыз баласын.Қызғанасың, сен мені қызғанасың.Қызғанамын, мен сені қызғанамын,Шоқ боламын, кей-кейде мұз боламын.Қарақұсын оюға бармын мен де,Саған күліп сөйлеген бозбаланың.Қызғанамын, мен де сол қызғанамын.Бұның бәрі көп күдік үйгендіктен,Бұның бәрі бөтен ой түйгендіктен.Бұның бәрі мен білсем ең әуелі,Ес-түссіз сүйгендіктен,Иә, иә, сүйгендіктен.               ***Армандап келем:Кеудеме алау жақсам-ау,-деп,Жұлдыздай бір ақсам-ау, - деп.Қажет пе? Онда Боран тәрізді,Ажалдың аузын жапсам-ау,-деп.Ай қабақ ару құщсам-ау, -деп,Ләззат-шарап ішсем-ау,-деп.Зерлі аспан кеңістігіне,Еркін бір самғап ұшсам-ау, -деп.Арманға әстеГүл жастық деген маусым бай.Аққудың әуез даусындай.Түспеспін енді биіктен,Арманым менің таусылмай.