ВЕРНУТЬСЯ

            Киіктің
құралайын асырадым,

Мен үйрендім,
бірақ ол жатырқады.

Қалай енді
тебіренбей басыламын,

Кетті тастап
даланың жат ұрпағы.

Балапан
сандуғашты асырадым,

Жақын тарттым
жанымды мәз еткесін.

Қалай енді
тебіренбей басыламын,

Кетті тастап кек
қанат жаз өткесін.

Өлең жазар
кезімде тебіреніп,

Табады олар тағы
да мені келіп.

Жас сандуғаш жыр
төгіп, жас құралай

Төсімді иіскеп тұрады еміреніп.