ВЕРНУТЬСЯ

Осы жолы сені ұқпадым, дос, мүлде,Артық, ауыр сөз айтпаушы ең ешкімге.Бір жолдастың мінін айтып қоймадың,Қаяу салдың көңіліне бөстің де. Өзеурейсің, бермей жанға және дес,Абырой, бақ әпермейді ал, егес.Айтқан сөзді ала алмайсың қайтарып,Сүртсе кетер, етігіңнің шаңы емес. Ұмыт, достым, реніш пен өкпеңді,Жарқын мамыр жайнатуда бөктерді...Езіп кетсең, қайта өсуі қиын-ау,Көңіл бейне нәзік гүл ғой көктемгі!                  ***Ойда отырмын. Глобус тұр алдымда,О,қаншалық ғажайыптар бар мұнда!Жер шарының кіп-кішкентай үлгісі,Тұрады ылғи  жанарымның алдында. Талдан түскен жапырақтай – далалар,Өзен-көлің көк бояудан табады әр.Шаша салған тарыдай боп көрінеді,Бір ноқатқа сиып кеткен қалалар. Глобусты бөлген сызық жердегі,Шыр айналған экватор белдеуі:Секілді ғой,                  құрлық-шапан сыртынан,Келістіріп тағып алған белбеуі. Жер әжімі-ау, терең сай да, жыра да,Сары бояу – сараң шөл ғой, сірә да.Жап-жасыл-ау, орман болар мына ара,Шалқар мұхит – ойларындай ғұлама. Жүрген жел де үйіріліп ұршықтай,Желөкпе жан сияқты естен жүр шықпай.Көлденеңдеп жатып алған қия шың –Қиындықтай, қыңырайған қырсықтай.Күн аймалап, толқын-ойдан тербеген,Айдындардың ақ маңдайы терлеген......Аумайсың-ау айналайын жерім-ай,Жұмбағы көп, жұмыр басты пендеден. Алаулы арман, ізгілікпен кезігем,Қараулардан мұз бүріккен безінем.Глобусқа қарасам-ақ, осылайЖердің тыныс-тіршілігін сезінем. Ару әлем бүгін кемел шақтасың,Ақ жүзіңді қара күйе жаппасын.Глобустың, тек құр кеуек ішіндей –Ойсыз бастың «ойынынан» сақтасын!