ВЕРНУТЬСЯ

КӨП КҮТТІМ СӘУЛЕМСағыныштан атқандай үміт таңы,Келер-ау деп, көп күттім, күліп тағы,Бірақ та сен келмедің, білмедің бе?Мен өзіңсіз бір тұтқын құлыптағы. Сенсіз менің таңдарым атпайтындай,Атпайтындай, күндерім батпайтындай,Асау көңіл сен жаққа алып ұшты,Жүрегім де сені іздеп соқты-ай тынбай. Күтем күздің ақ арай кештерінде.Таудан самал сен болып ескенінде.Жұлдыздармен сырласып сені күттім,Айлы аспаннан ақша бұлт көшкенінде. Күттім сені, сәулелі таңдарымнан,Нұрлы алауға малынған бар маңымнан.Сонадайдан қол бұлғап шақыратынГүл қаланың ақшамғы шамдарынан.Жанымды тербей алмай бұлбұл әні,Еркем-ау, сені күтіп жүрмін әлі.Үмітімді үзбедім келер күннен,Мен үшін тек сен ғана өмір сәні                                                         07.11.1972 ***                ***Ағарып таң атқанда,Ақ саумал леппентыныстап ауылым жатқанда,Таласып таңменпоездар шеру тартқандаМен сені іздедім. Күн қонақтағанда шатқалға, Қарт Каспий мүлгіп,тұнжыр бір ойға батқанда,Тізілген үйлербіртіндеп шамын жаққандаМен сені іздедім. Тереземнен күміс айКүлім қаққанда,Көк зеңгір аспанжұлдыздан алқа таққанда,Мұңайып жаным,жалғыз қалған шақтардаМен сені іздедім...                                       17.07.1976. КҮТТІМ  СЕНІСағыныштан атқандай үміт таңы,Келер-ау деп, көп күттім, күліп тағы,Бірақ та сен келмедің, білмедің бе?Мен өзіңсіз бір тұтқын құлыптағы. Сенсіз менің таңдарым атпайтындай,Атпайтындай, күндерім батпайтындай,Асау көңіл сен жаққа алып ұшты,Жүрегім де сені іздеп соқты-ай тынбай. Күтем күздің ақ арай кештерінде.Таудан самал сен болып ескенінде.Жұлдыздармен сырласып сені күттім,Айлы аспаннан ақша бұлт көшкенінде. Күттім сені, сәулелі таңдарымнан,Нұрлы алауға малынған бар маңымнан.Сонадайдан қол бұлғап шақыратынШағадамның ақшамғы шамдарынан. Жанымды тербей алмай бұлбұл әні,Еркем-ау, сені күтіп жүрмін әлі.Үмітімді үзбедім келер күннен,Мен үшін тек сен ғана өмір сәні                                                                                                              07.11.1972.