ВЕРНУТЬСЯ

          Көп жаздым
білем,

гүлді де қызды
жырладым.

Ақындығымның жарғасын әсте бұзбадым.

Қара жамылған
қатыгез қара қайғының

Еріткім келді
көңілімде жатқан мұздарын.

Біріңді емес,

мен сүйдім үнсіз
бәріңді,

Елім артсын деп
жүгіңе бердім нарымды.

Қуантқым келді құрдасты жарық сәуле боп,

Қуантқым келді
қиялға шомған кәрімді.

Жасыңа жол боп
жатайын дедім мәңгілік,

Сол тілегімнен
оянды ылғи таң күліп.

Нәрменен бірге
жаныма асыл ар берді

Шөлдеген кезде
жолыққан маған әр құдық

Өкінген емен бір
жерде қалсам еленбей,

Мен өлмен, сірә,
көкірегімде жел өлмей.

Біреудің бағын
күндемей өстім - бақытым,

Үндемей өстім
жапырағын жайған емендей.

Өмір күндерін
өткізген жоқпын күйбіңмен,

Күйсем егер де,
жақсылық үшін күйдім мен

Мен жақсы көрдім
жарықтың бәрін жердегі,

Жарықтың бәрін Құралайымдай сүйдім мен.