ВЕРНУТЬСЯ

(Жылыой ауданының 80 жылдығығына)Бүгін, бүгін Құлсарының нұр шағы,Сексен жылдық желкілдейді жыр сәні.Қарашүңгіл – кәрі атасы жебеген,Құлпырады қызыл - жасыл Құлсары.Басып өткен бұл өмірде нық қадам,Құлсарыдан кімдер, кімдер шықпаған?!Өтебаев,Өтесінов,Мұқашев,Мұнай - газдың аталары - мықты адам.Көз тартады мұнаралар қырдағы,От - моншағы нұр төгетін - сырлары.Әлем бүгін атын білген ұлдары -Ұзақбайы,Балтабегі, Нұрланы.Қаламастан бұл өмірдің жеңілін,Аямастан төгілгенін терінің.Туын көкке желбірете білді олар,Тәуелсіз Қазақ Елінің.Бұларменен алаулады жалын жыр,Бұларменен танымым бір, қаным бір.Соғыстан соң ашқан дүние есігін,Құрдастарым бұл.Дала сәні қызыл -сары гүл болар,Асыл ғана қан базарда пұл болар.Жаңа -жаңа тәй -тәй басқан ел үшін,Мұнай  әнін әсем шырқай білді олар.Көтере де білді және сынды олар,Шын ұландар қиын сәтте шыңдалар.Бұл шежіре талай әлі тыңдалар.                                       24.01.09.