ВЕРНУТЬСЯ

         Күн іш тартып
күрілдеп,

Көкте ойнатты
жасынын.

Құя салды дірілдеп

Ақ селімен
ашуын.

Бүлттар жерге қарады

Көк жүзінен
көшерде:

Қарық қылып
даланы,

Тоғытыпты нөсерге.

Тіршілікке
себепкер

Бұлтты ұзатып бас шұлғып,

Теңселеді
теректер,

Көздерінен жас
шығып.