ВЕРНУТЬСЯ

«Күнім!»  дейтін  сан  сұлу,
«Гүлім!»  дейтін
Көзім  түссе,
көктемдей  күлімдейтін.
Бір  кемшінім -
құшқанда  қыпша  белден
Қолым  ғана
сәл-пәл  тек  дірілдейтін.
Бара-бара  ұзарып  сейілдерім,
Рас  біраз  бар-жоққа 
күйінгенім.
Бәрінен  де  әлігі  қол  дірілі
Әдетіме  айналды  кейін 
менің...
Сұлулар-ай,
мол  еді-ау  пейілдерің!
Бұл  тірліктің  көп 
шештік  түйіндерін.
Бәрінен  де  баяғы  қол  дірілі
Дертім  болып  жабысты 
кейін  менің.
Естеліктер  мен  кепіл 
тозбасына:
Көңілшектік  сор  болды  өз  басыма.
Обалсынып...
сүймеген  сұлулардың
Мынау  діріл,
кім  білсін,
көз жасы  ма?!