ВЕРНУТЬСЯ

Көгершін болып кеудемнен ұшты көп өлең,Қазақтан туған киелі неткен өнер ең!Қарсы алдыңдағы күйші емес, құдай десе де,Көнер ем соған, сәбидей бейне сенер ем. Күй кернеп кеткен шабытты осы өзге-ау шақ,Тоқтаған желдей тынамыз іштен, сөзге аусақ.Саусақтан мынау суырылып ұшқан бұлбұл үн,Қалықтай берді, қиялға талай қозғау сап. Қуаныш, мұңы-ай берілген күйге кезімнің,Ірке алармын ба тасқынды селін сезімнің?Бабаң боп сөйлеп жатқанда қара домбыра,Достарым, сонда келер ме, сірә, көз ілгің?! Ғашық қып мені алуан күймен бұл әлем,Барамын, міне, дарияша ағып – бұлақ ем.Төсінде мың сан тұлпарлар желмен жарысқан,Дариға кеудем дала боп кетті-ау, мына кең!