ВЕРНУТЬСЯ

      (Маршал Абдіхалықовқа) Ағатайым, ақкөңіл ағатайым,Қарапайым едің-ау, қарапайым.Қоштаса алмай қалғаным көкіректе,Түйін болды, қалайша таратайын?! Қалғандай-ем бір туған ағам ба деп,Болғанменен үй бөлек, қазан бөлек.Қоймапты өлім тағы бір қимасымды,Ойлап па едім, естелік жазам ба деп. Көз алдымда жымиып күлетінің,Көмектесіп кішіге жүретінің.Жаның нұрлы жәннатта болғай да деп,Тек, ішімнен мұңдылау жыр оқыдым. Келді, кетті жолдарын жүріп ұлан,Тірлік сенен сұмдық бір сыр ұғынам.Өлшеулі күн біткесін өмірдегі,Кім құтылар ажалдың құрығынан.Төгіп тұр ғой шуағын таң самала,Бірақ...Бірақ сен жоқсын, Маршал аға.Тілім-тілім тақырдай жүрегімді,Қансыратып, ей тағдыр паршалама! Паршалама, тыным бер мазалама!Жақсыларды бермек пе ажал ала?Әрбір жастың асқанша қырқасынан,Көріп келем қаншама қазанама?!.. Ой-хой, жалған дүние!                            Жалған-жалған...Жаралыпсың үміт, мұң, армандардан.Аяладың, ештеңе аямадың,Балалар мен артыңда қалған жардан. Жанып тұрған сөнді ғой құзда жалын...Кім сезеді жанымның сыздағаның?!Күрсіндіріп, мезгілсіз ұшып кеттің,Мәңгілікті бетке алып мұзбалағым. Жырлап едің далаңның дулы әлемін,Біреулердей атақ-даңқ қумап едің,Ғұмырыңа жетелер жазғандарың,Тұғырына көтерер туған елің!