ВЕРНУТЬСЯ

       Мына сарын - қай сарын - құлағың түр,

Құлағың
түр,жетпесең жылап ұмтыл,

Ащы мұңның мына бір ар жағында

Аңсап
ішкің келетін бұлағың тұр.

Қызығына өзінің
батып анық,

Асау бұлақ
арқырай жатыр ағып.

Дара шалғай,
ағайын, әрі аса алмай,

Жүрмеңдерші тағы
да қапы қалып!

Жеттім бе деп,

Жыласақ -
жылап та алып,

Құласақ та
құлайық бұлақ барып,

Бірімізге-біріміз
сүйенелік

Бірімізден-біріміз
құлақтанып.

Бұйырмаған
тағдырдың пырағы ұшқыр,

Кім ұғады халімді мына мүшкіл.

Бұлаққа да
жетерміз,жетерміз-ау,

Ар жағында
оның да бір ағыс тұр!..

Өткенге де,кеткенге
де мұң шығып,

Басыңызға
не күн туды мұншалық.

Бұрын да сөз
ермеп пе еді соңыңнан,

Көрмеп пе еді
көңіліңді кір шалып.

Түрін көріп шеріңіз бен шеменнің,

Жан-сырыңды ұға қояр деп ең кім.

Сенің тіпті
бар-жоғыңды білместен

Тірлік кешіп
жүрген жоқ па көбі елдің.

Көкірегіңнің бұрқыратып
от-селін,

Елдің қамы сияқты
еді-ау көксерің.

Қасың
түгіл,достың өзі кешегі

Хал-күйіңді біліп
жатқан жоқ сенің!

Бірі дұрыс
болғанымен,бірі ағат,

Оларды да
отыр деме кінәлап.

Бүгін еріп
кетпегенмен,көр де тұр

Түбі келіп түсінеді
жұрағат.

Қаумалаған дұшпаны
бар, досы бар,

Кешегі асқақ
кездеріңді есіңе ал:

Бойын елге
көрсетуден үркетін

Ойы кемге
кейігенде не шығар!