ВЕРНУТЬСЯ

Сәтімде  бір  ой  қашып,  жыр  қызбаған,
Жыр  қызбай  да, 
мені  еркін  тұрғызбаған.
Жүрек,  Ақыл,  Сұлулық -
үшеуінен
Гүлдер  шоғын  ұсынды 
бір  қыз  маған.
Қуанбадым,  күлмедім,  үндемедім.
Жетпеді  оған  ақылым 
мүлде  менің.
Талай  асыл  үйіме 
кіргенменен,
Кірмеген-ді  осы  бір  гүл  дегенің.
«Көңілдердің  кірбіңін  жазайық 
бір!» -
Солай  шешті  үйге 
енген  ғажайып  гүл.
Бірақ  қазір  сол  қоңыр  шаңырақтың
Тыныштығы  бір  түрлі 
азайып  тұр.
Жазғырмағын,  осы  бір 
сырымды  ұқ  та!
Үйдегі  мол  әдеп 
те,  жылулық  та.
Ұнағанмен  Ақылға,
ұнамады
Кейде  Жүрек,
ал  кейде - Сұлулыққа.
«Сабыр  түбі...»  деген 
бір  нақылға  еріп,
Бір  кірбіңге  амалсыз 
бақыл  да  едік.
Тапқан  кезде  Жүректің 
көңілін  бір
Енді  мінез  шығарды 
Ақыл  келіп.
Түсінесің  ақ  болса 
тілек  деген,
Сол  тілектің  жүргенін 
жүдеп  неден.
Сұлулық  та  ақыры 
сыйыспады
Бір  үйдегі  Ақылмен,
Жүрекпенен.
Демес  достар:
«Сырт  көзге  ерсінгені»,
Кепілдікке, 
сенбесе,  берсін  мені.
Сол  бір  шоқ  гүл,  құмыра 
емес,  тіпті
Үйімді  де  мен  тұрған  жерсінбеді.
«Жүрек, Ақыл, Сұлулық - бақ» 
деседі,
Олар  жеке-жеке  тек  бақта  өседі.
Қосылмайды  бастары...
қоспағанның
Бұзылмайды 
жинаулы  ақ  төсегі.