ВЕРНУТЬСЯ

    Аса қайырымды Николай Иванович!
  Соңғы кезде
біздің ел арасында көп
жайылып кеткен әртүрлі
дау-жанжалдарды тыю үшін бүкіл уезді аралап, ұзақ уақыт командировкада жүргендігімнен, көптен бері Сізге хат жазып, өзім туралы хабар бере
алмадым. Маған тапсырылған бұл жұмыстарды ойдағыдай
орындап, қырдан тек жуырда ғана қайттым; енді Сізге менің өзім, үй ішім, құдайға шүкір, аман-есен, сол туған
жерім - Торғайда тұрып жатқаным туралы хабар беруге асығып отырмын.
Оқытушылар семинариясының ашылуы,
өзіңізге де ендігі мәлім болар, белгісіз уакытқа, кейініге қалдырылып отыр. Осы жылғы март айының ішінде мен,
Катаринский арқылы, қазақ мектептерін басқаратын инспектордың көмекшісі болып қызмет
ет деген ұсыныс алдым; оның
тұратын жері Гурьев немесе Хан ордасы болатын көрінеді. Бұл маған онша қолайлы болмайтын болса да,
қызметімнің түрін өзгертейін деген
оймен, бұл қызметке баруға
ризалығымды білдірдім. Мұның
қолайлы болмайтын себебі: мен үлкен бедел алып отырған туысқандарымның және
таныс халықтың арасынан алысқа кеткелі отырмын, мұнда, менің, жаңадан қолға
алған қызметтерімнің бәрі де көңілдегідей болар еді; ал Орал қазақтарына мен
тіпті таныс емеспін, екіншіден, қырдағы тәуір деген шаруашылықтардың бірі бола
бастаған өз шаруашылығымнан да алыстаймын, және үшіншіден, сізден жасыратыны жоқ
мен сірә бастықтармен жақсы істесе алмаспын, сондықтан бастықтардың жанында,
бағынышты болғандықтан өз ойымша ешнәрсе істей алмайтын жерде болғанымнан гөрі
шет түкпірде қызмет еткенімді тәуір көремін. Семинарияда болсам бір сәрі еді,
өйткені бұл мүлдем жаңа оқу орны, оған жергілікті жағдайларға қарай жаңа
тәртіптер енгізу керек. Бұл сияқты жұмысқа ілкі кезінде мен сыяқты, білімі шамалы,
бірақ халыққа деген сүйіспеншілігі мол қазақтың араласуы қажет те ғой.
Семинарияда мен қандай қызмет атқарсам да өз орнымда болар едім, өйткені, ол
қазақ даласының шығыс жағында болмақ, ал ол жақта мен өз адамымын. Мұндай шын
игілікті істің ашылуына сенімім зор, мүнымен салыстырғанда қазақ арасындағы
халық мектептерінің бәрі де жай нәрсе.
Мен ел аралап кеткендігімнен міне үш ай бойына, менің
оқу құралым баяғы күйінде қалып қойды. Оны қазір де қолға ала алмаймын-ау деп
отырмын. Өйткені Уездік басқармада жұмыстың көптігі сонша, одан күндіз де,
түнде де бас көтере алмаймын; сондықтан, егер жаңағы айтқан қызметіме баратын
болсам, бұл кітабымды сол Орал облысына барып аяқтайтын болармын.
Сіздіқ самоучителіңіз қазақ арасына таратылды, кейбіреулер
ақшасын әлі төлеп болған жоқ, сондықтан, Яков ГІетрович, бұл ақшаны солардың
бәрінен түгел жинап болғаннан кейін жібермекші. Яков ІІетровичтің айтуына қарағанда,
жаратылыс тарихы да алынған екен, бірақ ол оның ақшасын Сізге жіберген,
жібермегенін білмей отырмын, қалай болған күнде де жуырда мұның бәрі істелмек.
Екатерина Степановнаға
миллиондаған алдияр.
Шын құрметпен И.
АЛТЫНСАРИН.
1877 жыл, 18 июнь,
Торғай.