ВЕРНУТЬСЯ

     Аса ақкөңіл Николай Иванович!
 Менің Сізге
соңғы хатымды жазғаныма бір апта да өткен
жоқ, сонда да шыдай алмай, хат жазғым келіп отыр. Сізге енді әрбір почта аркылы хат жазып тұруға өзіме-өзім
уәде бердім; өйткені Сіздің соңғы хатыңыз мені соншалықты серпілтті. Сөйтсе де,
хатымның бір жолын жазбай жатып-ақ не туралы жазсам болар екен деп ойланып отырмын.
Мұндағы біздің тұрмысымыз бір қалыпты, бос өтіп жатады. Ол жайында жазайын
десең «жаман емеспіз, лаждап тұрып жатырмыз» дегеннен басқа ешнәрсе дей алмайсын.
Мұндағы ат төбеліндей мырзалар тобына қарапайым, қайрымды Яков Петрович бас
болып отыр; атағы майор және кавалер. Ол әлсін-әлі өзінің майор екендігін есімізге
салып, өзінің дәрежесіне сай еркелік те істеп кояды; бірақ біз оның алдында тіл
қатпай, бас ие береміз, содан кейін ол қайтадан тыныштала калады. Міне, менің алдымда
есігі ашық, төрт бұрышты үй тұр. Ауыз үй толған әртүрлі ауыл шаруашылық құрал-саймандары:
шөп шабатын, жер жыртатын саймандар және баска да заттар. Ұзындығы 3,5 сажындай
келетін залдың ішінде столдар, орындықтар, скамьялар тұр. Бұлар қара, сары,
қызыл бояулармен қалай болса солай бояла салынған. Үйдің ішкі қабырғалары ақ
балшыкпен әбден мұқыят ағартылған; бұрыш-бұрыштарында үлкен-үлкен образдар, ал
залдың есігіне қарсы төрде патшаның суреті. Осы сән-салтанаттың ортасында
«жоғары білімді» жас дәрігер тұр. Мен сыпайы түрде кіріп келіп, майорға, оның қасындағы
әңгімелесіп отырған адамына бас идім. Майор маған рахымы түсіп қолымды алды.
Сол арада залға қылыш асынған казак офицер кіріп келіп, бекініс тыныш екендігі
туралы майорға рапорт берді. Майор сыпайы түрмен, мен-мендеу салқын жүзбен оның
рапортын қабыл алды да, оған «отырыңыз» деді. Ол отырды. Мен де
орнымнан тұрып, жайыммен ғана оның жанына келіп отырдым. Екеумізде де үн
жоқ, қасымызда отырған екі аристократқа қарай, солар сөйлесе қалса әңгімелерін тыңдап жай отырмыз.- Ал
мырза, карта ойнасақ қайтеді? - деді біреуі. Мен үндемедім.- Ал, қайтеміз енді,- деп жұрт мені де столға
әкелді. Қарта жайылды, ойын басталып
кетті. Картаны бір-екі рет айналдырғаннан кейін ықлассыз ойнаған ойыным ішімді пыстыра бастады. Ақырында, мен майорға
келгеніме өкіндім, одан әрі картадан жаңыла бастадым. Яков Петровичпен одақтас
бола калсам ол әбден жынданып, терісіне сыймай
кетеді. Акырында келіп: нашар ойнайтынымды біле
тұрып, маған неге карта ойнаттыңыз деген сөзді айтып саламын. Майор ашуланып
қалады. Ойын ақырында тоқтайды. Содан кейін тарап кетеміз. Екі күннен кейін тағы да
кездесеміз, мені тағы да картаға зорлай бастайды... Кейде майордың қонақасысы бұдан да көңілсіз болып
етеді, менің ен. көңілсіз өткізетін уақыттарым сондай уақыттар... Онда
әйелдер болды. Олардың бірі Перовский марқұм
туралы әңгіме айтып, онымен қалай бірге отырғанын, тағы басқаларын айта
бастайды. Екіншісі отырып, көкірек ауруды сөз кыла бастайды,
үшінші біреуі - писарьдың не болмаса ат күтушінің әйелі - мыжырайып күліп,
басқалардың айтқанын тыңдап отырады. Ақырында:
-        Асқа
келіңіз, мырзалар! -деген шақыру естіледі. Әркім өзінің дәрежесіне қарай, тәртіппен, бірінен соң бірі столға келеді, ішеді. Амалсыз, тоя ас ішіп, мен
осы үйден шығып, үйіме, үйдегі жұпыны кереуетім мен жанға жайлы
шапаныма карай бет алғанда
ғана еркін дем аламын. Кешікісін далаға шығып, олай-бүлай көз жібересін,- көзіңе құлазыған, шет-шені жоқ кең даладан басқа
ешнәрсе көрінбейді. Қара жусаннан басқа ешбір кылтанақ, ешқандай шөп жоқ. Еріксіз тоқтап, кез келген жерге отыра қаласын. Торғайдың жай
ағысына қарап, езіңе-өзің еріксіз: бұл не деген
өмір, япыр-ай, бар өмірім
осылай өтіп кетер ме екен? -       дейсің. Өткен өміріңнің жақсы жақтарын есіңе түсіре бастайсың... Өстіп отырғаныңда бетіңе самал
жел соғып, жаныңа жай таптырып, аздап
көңліңді көтере бастайды. Мен
сол арада көп отырып, көп ойлап, ақырында үйге келемін. Егер Сіз, бұрынғыша,
імені жақыннан білгіңіз, көргіңіз келетін болса, менің қазіргі тұрмысым, міне,
осы.
Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын,
олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін
тіпті жек көремін. Қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді.
Олар кедей қазақтарды, қарсылық көрсете алмай қасқырдың аузында жөм болатын
қорғансыз момындарды адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды.
Соларды көргенде, менің жұмысым болмасадағы мен өте қатты күйінемін. Бас-аяғы
он жыл ішінде миллионер бай болған, оған дейін ешнәрсесі болмаған, осы елдің
күшті жемқорларының бірі - олардың істеп жүрген істерін менің жаратпайтынымды
біліп калды; ондай адамдарды олар аса жек көреді. Сондықтан, ол, мені бұл арадан
куып жіберудің амалын істеп жүр, бірақ, мұны әзір істей алған жок, кім біледі,
мүмкін, бұл тілегіне де жетер, бірақ, мен бұлардын бәрін өлең қылмай, жайбарақат
жұмысымды істеп жатырмын. Қазақ арасынан бірнеше жігіттерді таңдап алдым,
олармен қатты доспын. Кейде солармен жай әңгімелесіп уақыт оздырамын. Я, айтқандай,
орыстан да бір досым бар; ол жуырда кадет корпусын бітірген жас жүзбасы. Ол өте
адал және тамаша жақсы адам, бірақ ол да мен сияқты көп сөйлемейтін адам екен.
Қазанға бару туралы мен әзір ештеме ойлап жүрген жоқпын.
Бекініске облыс басқарушысының көмекшісі келеді деп күтіп отырмын, ол июньде
келуі керек, Қазанға бару туралы сонымен сейлеспекпін. Казанға баруымның кажеттігін
дәлелдейтін себеп ойлап жатырмын, бірақ оның рұксат етуіне ішім сенбейді. Сондықтан,
мен Қазанға бара қойсам, шәкірттерімнің демалыс уақытын пайдаланып, уақытша, үш
айға ғана барамын. Басыма бір ерекше жағдай туып қалғандай болмаса, екі жылға
дейін қызметтен мүлде босат деп өтініш етуге батылым бармайды. Бұл жылы мен
барайын, бармайын, бірақ, Сіз, Николай Иванович, мені ұмытпаңыз, хабарласпай
қойып, жазаламаңыз. Сіздің хатыңыз маған қызғылықты болғанымен, менің хатым
Сізге қызғылықты бола алмайды; өйткені менің хатым - Сізге баратын мыңдаған
хаттың бірі ғана. Ал Сіздің маған жазған хатыңыз - бірден-бір мені
ойландыратын, жұбататын хат. Осымен хатымды аяқтайын, сау болыңыз.
Елена Степановнаның аман-сау болуын және Николай Ивановичпен қартайғанша
бірге ұзақ өмір сүруін тілеймін. Құдай үшін, Николай Иванович, маған бірнеше
самоучитель және басқа кітаптар, тым болмаса «Балалар дүниесін» жіберудің қамын
істеңізші; онан соң, жалпы тарих жөнінде жазылған қысқаша бір кітап жоқ па
екен, қарастырыңызшы.
АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.
1864 жыл, 14 апрель.