ВЕРНУТЬСЯ

       О, Низами, ұстазымның
бірісің,

Сен атқардың ұлы
дүние бір ісін.

Сегіз ғасыр, ұлан
асыр ғаламда,

Өзге өлсе де, сен өлмедің, тірісің.

Қауырсынын қалам
етіп ақ қаздың,

Дүниені алдыңа алып хат жаздың.

Келер күндер керуені көрсін деп,

Күнгейінде күмбез соқтың Кавказдың.

Сен тірісің, жыр жырлайсың бұл күнде

Туған елің Азербайжан тілінде.

О, сұлтаны
ақындардың Низами,

Сәлем
саған, сәлем Самед Вургунге!

1947. Баку.