ВЕРНУТЬСЯ

Тал шайқалып, жапырақтар сусылдап,Танго билеп тұрғандай ма сыршыл бақ.Таңғажайып шиқылдаған құс әні,Төгілтеді жезсырнайдай – бұлбұлша.Таңғы әлемнің шағы осынау тербеді,Тұнып тұрған дерсің аңыз-ертегі.Тәй-тәй қылып ертеді ана жанынаТұлымшағы желбіреген еркені.Тына қалды дала кенет тылсым сәт,Тамшылады тереземе тырсылдап.Тамшы деймін, жаушы деймін, жаңбырым,Тарту етіп мен берейін жыр жырлап.Төкті нөсер,кең даланы ұйытып,Бусандырып – төсін жердің иітіп.Тамашаға көз тігеді тірі жан,Тыныс берген табиғатқа сүйініп...

Автор: