ВЕРНУТЬСЯ

           Тағдыр,

Ақ періштенің мүбәрак
қолы едің,

Қара шайтанның қармағына айналдьм,

Қу жұлынға қол салғанға қайранмын.

Мен - биіктіктің бұлбұлы ем,

Тереңдікте енді сайрармын.

Бостандық деген бекер сөз, -

Қан тамырларың бұғауың!

Шекер сөз еріп кетер тез,

Тиылмас бірақ жылауың.

Оқ тиген аққу секілді

Мамығы сөздің бұрқырап,

Осады-ау жасым бетімді,

Сайрармын сонда шырқырап

Дүние көзі бұлдырап,

Сабақтай алмай инесін,

Бір күліп,

Сосын бір жылап,

Тағар да
жұлар түймесін.

He шығар асып-сасқаннан?

Сезім де сөнді ой да өлді...

Айнасы сынған аспаннан

Іздерсің менің бейнемді...