ВЕРНУТЬСЯ

    Cap далада cap тап боп күйіп кепкен

Жалғыз оба, бір қыран биіктеткен.

Жалғыз қалсам ойға алып әр немені

Орынсыздау тартамын күйік көптен.

...Ау, даламның, ақиық, сұңқар құсы

Жоқ па бойда самғатар сұңқар күші?

Сау ма қанат, таза ма асыл тегің,

Ұшпай ма екен биікке іңкәр кісі?..

Көз тасташы ғарыштан мына жерге,

He ғып жүрген ел екен құба шөлде?

Бал татыған бұлақтан қанып ішпей,

He іздейді даладан - шүбә неде?

Қимай ма екен тау бүған бір қиясын?

Анау қыран қай жерге ілді ұясын?

Орынсыздау десем де, ойлар - ойға,

Мөлдір моншақ тізілтіп жыр құясың..

Ойлар кейде жосылып ақ бөкендей,

Кейде сыбап тастайды, тап көкендей.

Кейде қанша тұмшалап тастасаңца

Қатты қызған лапылдар, отша сөнбей.

...Оба, ол не?.. Қасиет - сеніп келген?

Шоқы ма тек далаға көрік берген?

Мүмкін... тіпті бір қойшы қалай салған,

Ойлансын деп, көргендер, еріккеннен?..