ВЕРНУТЬСЯ

Ол  көрсетті...
мен  көрсеттім  осалдық,
Тәнді  өртеген  жын-періден 
босандық.
Екеуміз  де  бара 
алмасқа  бара  алдық,
Екеуміз  де  қосылмасты 
қоса  алдық.
Қас қағым  сәт  кідірмедік 
қиналып,
Кенеуі  жоқ  кең  дүниеге  сыймадық.
Екеуміз  де  есерлікті 
қимадық,
Қимасақ  та,
есімізді  жинадық.
Пендеміз  ғой,
пенделікке  күлмегін!
Ең  бір  ауыр 
жазам  еді  бұл 
менің.
Бірақ  соңғы  сәтке 
дейін
не  сенің,
Не  менің  ит 
екенімді
білмедім.