ВЕРНУТЬСЯ

       Әр сөзі өлеңімнің бір қаралық,

барады жоталанып, тұлғаланып,

қаншама биікті асып,

иықтасып

бұл күнде ұлылармен тұрғаны анық.

"Сары алтын "самородный" салмағы бар"! -

деп те бір жатқан жоқ па залдағылар.

Айналып алағайлы ұранға да,

ұқсайды
қыранға да... таңға құмар!

Жоламай жасық әуен, жаттандыға,

қыр асып, қиыр іздеп аттанды ма, -

қия алмай,

күнге көзін көлегейлеп,

қалың ел
қарап қалар мақтан қыла.

Бірде қар, бірде жаңбыр, бірде бұршақ,

жүрген жоқ сөзді
күтіп тілге жүмсақ.

Кезігіп үреймен де, дүлеймен де,

көз іліп көрді ме екен түнде бір сәт?!...

Бой салып бала жастан қанық белге,

мені де тік көтеріп, танытты елге, -

ел-жүртпен алыс-жақын елдестіріп,

қояды белдестіріп алыппен де.

Жол беріп
жастар жағы, қарты ығысып,

Қояр да қояр емес алқынысып, -

құлашын
кеңге сілтеп кетті өлең-жыр,

тұяқтан
түсі бөлек жарқыл ұшып.

"Қайда, деп, ханға басын теңгермесің?" -

Қызғана қарайсындар сендер несін.

 Сыпырып томағасын қоя
бердім,

сездім де өлеңімнің... енді өлмесін!

4 наурыз 2006