ВЕРНУТЬСЯ

      Қалпағынды қиғаштай аспанға атып,

өлендетіп жатырсың, дастандатып,

тәлкек-тағдыр
бір күні қысарын да,

ұшарын да
ойламай бастан бақыт.

Өлең шіркін көне ме илеуіңе,

жүре қойса жарады сүйреуіңе,

жылдар бойы жинаған "беделіңнің"

ойда жоқта оп-оңай күйреуі де.

Тыраштанып
түнімен күшенесің,

үш тіріліп, күніге үш өлесің, -

өзің де іштей сезесің

тапқаныңның

алтын-күміс түгілі, мыс емесін.

Өлең арнап көк етік, көп шендіге,

қарамайсың бұрылып
жөпшендіге,

ойың жеткен жерлерге бойың жетпей,

көтересің кеуденді, өкшенді де.

Кітаптың да шығарып жылда бірін,

жаңғыртады құлақты
"жырдағы үнің"

Өзінді де мақтатып, сөзінді де

қолтығында жүресің тұлғалының.

Көзге түсе қалсам деп қалай да бір,

табарсың да, қағарсың талай дабыл.

Амал қанша қазіргі қазақ үшін

өлендеткен сен де бір, Абай да бір...

Білгендерге

мекені айдан да әрі,

өлең - сөздің патшасы, пайғамбары.

Жылтыраған
нәрсенің, құдайым-ау,

алтын бола қойыпгы қайдан бәрі!

Басы сыя қоймайтын тас аулаңа,

өлең де бір арғымақ - асау қара.

Көктен түсе қалғанша кұйылып бір

жасауға да көнбейді, қашауға да.

Үрке басып,

біресе үдере кеп...

біз болмасақ мұны
да кім елемек.

Қорқам бірақ,

бір күні асау қараң

айдалада қалдырып жүре ме деп!