ВЕРНУТЬСЯ

Шораяқтың Омары бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Аққыр облысының 12-ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Ленин ауылдық советі) 1878 жылдың 22 қазанында туып, 1924 жылы 14-маусымында қайтыс болған. Ауыл молдасынан сауатын ашып, кейін өз бетінше оқып білімін толықтырған. 1896 жылы Қазалы қаласына келіп, жалға тұрып жұмыс істейді. Ұлы Қазан революциясынан кейін кеңес қызметіне араласты. Омар он жеті жасқа дейін туған жері - Кете еліндегі Алдашбай деген молдадан оқып, мұсылманша хат таниды. Одан әрі білімін молайтуға мүмкіндігі болмайды. Бірақ, талапты жас өз бетімен оқып, әсіресе, шығыс әдебиетімен жақсы танысады.Омар кәсіп іздеп 1896 жылы Қазалы қаласына келіп, Нәмекей Балташеев деген татар саудагерге жалданады. Сонда тоғыз жыл бойы жалшылықта жүргенінде ауруға шалдығып, 1905 жылы туған аулына қайта оралады.Ұлы Қазаннан кейін Омар 3-4 жыл кеңес қызметіне араласып жауапты жұмыстарда болады (болыстық совет атқару комитетінің председателі, судья т.,б.), бірақ ертеден бойына жабысқан ауру белсенді қызмет етуіне жібермейді.Омар Шораяқов ағашқы өлеңдерінде («Сөйле тілім жосылып», «Шығарған сөзім шырайлы», «Өмір өрнектері» т.б.) ақындық пен сөз өнерін жоғары бағалады. Ал, «Болысқа», «Қойшы мен ұры», «Аталық кеңес», «Жастарға өсиет» т.б. өлеңдерінде адамгершілікті, әділдікті жырлайды. Жауыздық пен зұлымдықты әшкерелей отырып, жастарды өнер - білімге, өз халқының адал қызметшісі болуға шақырады. «Міне, бүгін бостандық» атты өлеңінде Ұлы қазан революциясы мен еңбекшілердің данышпан көсемі В.И. Ленинде жырлады.Өлең жазуды он алты жасынан машық ете бастаған ақынның көптеген  толғау, терме, өсиет, мысалдарымен қатар он бестен аса көлемді дастандары бар («Қара шекпен», «Жарлы тәліп», «Кедей», «Тау еліне» т.б.). 

Омар