ВЕРНУТЬСЯ

        Жайылғаннын, қыстауынан
шыға Болатбай мені жолдағы жердің географиясымен таныстырып келе жатыр.

-        Мынау - Шөптікөл дейтініміз, - дейді ол,
жаяу қашқан мені қасынан ұстап алған көлді көрсетіп.- Бұның суы күзге қарай
құрғап қалады да, беті шабындық боп кетеді.

-        Бұ көлдің аты - Қарағайлы,- дейді Болатбай,
айнала қоршаған дөңіне қалың ағаш біткен, жел жағы қамыс, ық жағы жалтыр бір
көлді көрсетіп.- Есеней үйінің көлі. Мұның жалтырының тереңдігіне сырық
бойламайды. Ортасында аралы бар, ілгергі кезде оған қарағай шығады екен,
сондықтан Қарағайлы атанған. Қазір ол қарағай жоқ.

Біз Қарағайлыдан
өткеннен кейін жарыса біткен екі дөңнің сайымен біраз уақыт жүрдік. Дөңнің
екеуінің де қырқа жотасына қалың ағаш біткен.

-        Мына оң жақтағы жалдың аты - Үлкен Өтеп,
сол жақтағы жалдың аты Кіші Өтеп,- дейді Болатбай.

-        «Өтеп» деген кісінің аты ма? - деп
сұраймын мен.

-        Әрине,- дейді Болатбай.

-        Кім екен ол, Өтеп?

-        Оның біраз тарихы бар,- деп Болатбай
өткен күндердің бір әңгімелерін шертеді.

-        Есенейді білемісің? - деп сұрайды ол
менен.

-        Естідім,- деймін мен.

-        Білесің,- сол Есеней, ерте уақытта
Обаған өзенінің бойын мекендейді екен. Бұл арада ол кезде Нұралы руының
ауылдары қыстайды екен.

-        Олар қайда кеткен? - деп сұраймын мен.

-        Обаған бойында отырған Есеней осы маңға
келеді де, жерін ұнатады, содан кейін ол мұнда отырған ауылдарға: «Бұл жерді
мен аламын, сендер көшіңдер»,- дейді. Ауылдар тілін ала қоймаса, аға-сұлтан боп
тұрған Есеней үкіметтен әскер әкеп, күшпен көшіреді...

-        Олар қайда көшкен?

-        Есекен, алыс жерге айдап салса керек,
білетін кісілердің айтуынша, олардың, тұрақтаған мекені - Құмды ағаш, бұл
арадан екі жүз елу шақырымдай бар деседі.

- Қиянат деген
жағушы ма еді адамға,- дейді сопы мінезділеу Болатбай,- жұртты қан жылатып
кешірғен жерінің қайыры болмай, дүниядан перзентсіз өтті, мал-мүлкі жат адамның
қолында қалды.

Екі Өтептің
қырқасынан әрі қарай еткеннен кейін тағы бір көлге кездестік.

-        Бұ көлдің аты - Өгізбалық,- дейді
Болатбай,- есіріп айта ма, расы ма,- бұрын осы көлде өгіздей балық бопты
деседі.

Өгізбалықтың
дөңінен әрі аса кезімізге аз үйлі ауыл шалынды.

-        Сүлеймен жездеңнің ауылы сол,- дейді
Болапбай,- мен ол үйге қатынасып жүрем, апаңның күндесі өлген. Бір үйге қазір
езі би, езі тес. Сүлекең жарықтық қиянатсыз ақпейіл, құдай деген кісі ғой.
Құдай өзіне беріп те тұр. Дәулеті болса мол, перзенттен зарығып жүр еді,
амандық болса екі ұлы болды. Сенің апаңды сыйлауы да сол бірер күшігінің
барынан ғой. Ал, алда-жалда апаң мен жездең бізде қал десе не дейсің?

-        Қалмаймын,- деймін мен.

-        Е, неге?!

-        Денім сау болса, ез бетіммен тамақ тауып
ішуге жеттім ғой, жезде, кісіге телміріп қайтем.

-        Соның дұрыс, шырағым,- дейді, Болатбай,-
құдайтағала деніңді сау қылған соң, аяқ-қолыңды аман қылған соң нэсіпті адамнан
емес, тәңірден тілеу керек. Менің әкем де, өзім де бай болған кісі емеспін. Осы
жұқа дәулетіміз баяғыдан бері келеді. Сонда да біреудің ала жібін аттамай күн
керіп келеміз. Еңбек қыла білсең, тәңірінің берер несібі таусылмайды. Бірақ
адал болу керек...

Сүлеймен үйіне
кеп түстік. Жездемнің езі үйде жоқ екен. Мені бетімнен сүйіп қарсы алған
апамның өңі қашыңқы, жүдеу.

-        Былтыр күз сырқаттандым деп ең, Зәуре,
өңің сынық екен, айыға алмай жүрмісің? - деп сұрайды Болатбай.

-        Қайдан айығам,- дейді Зәуре,- қайбір
сырқат дейсің бұл,- ішке қайғыдан байланған шемен ғой.

Зәуре бұл сөзінің
соңғы жағын жыламсырап антып, аржағында жасқа булығып, біраз өксіп алды да:

_ Мені қойшы,
тәйірі,- деді, жасын сүртіп,- қыз деген немене, тәйірі. Кімге сатылмаған ол.
Құдайдың маңдайына жазғаны сол болған соң, кімге берсе де, әуелі жылаған боп
жүріп артынан кендігіп кетпей ме? Осы босағаға он үшімнен келіп ем, «тас түссе
талайдан» дегендей, талайыма кез келген дүние шығар. Оның несіне екінемін...

-        Менің ішімді жегі құрттай мүжіп
тауысқан,- деді тағы да Зәуре кемсеңдеп жылап алып,- мынау қасыңда отырған
жалғыз бейшара. Осы шіркін қаршадайынан жетім қалды, апасы боп - біздің
ешқайсымыз бұған пана бола алмадық, осыны қай жерде қаңғырып жүріп еліп қалады
деп ішімнен таусылам да жүрем...

-        Сен оған жылама, Зәуре,- деді Болатбай,
тағы да кемсеңдей бастаған Зәуреге.- Айтыпты ғой «лақ жылай су ішеді, ұлан
жылай мұң кешеді» деп. Тәңірі жазса, енді міне мал түлігі жігіт те боп қалды. Өстіп
жүріп адам да боп кетеді.

Болатбай менің
жол жайымды айтып:

-        Баланың бұл талабын, мен мақұлдадым, сен
қалай қарайсың? -- деп сұрады Зәуреден.

-        Дұрыс қой,- деді Зәуре,- сатусыз ас бар
ма, елде? Өзге түгіл, туған апасы мен де бірақ аяқ саумалды жұмыс қылса берем
де, жұмыс қылмаса бермеймін. Біреуге көзге түрткі болғанша, аш-тоқ болса да өз
бетімен күн көргені жақсы.

Зәурені менің бұл
- бірінші рет еркін тануым. Бұрын осы үйдің күңі сияқтанып, жұмыстан басқаны
білмейтін Зәуре маған бұ жолы ақылы кемел адам кәрінді.

Сүлеймен кешке
келді. Менің хал-жайымды Болатбай-дан естіген ол да, қалаға барып мал бағуымды
мақұлдай кетті. Ол ертеңіне де «біздің үйде бол» дегенмен, Болатбай екеуміз
ақылдастық та, тоқырамайтын үйге несіне айналамыз деп жүріп кеттік..

-        Бұ баланы енді тиянақтап қайтарсын,--
деді Сүлеймен, аттанар алдында Болатбайға,- Ақысын дұрыстап сөйлесерсің,
күздігүні өзің барып есептесіп, тайша-торпақ болса да мал алып жіберерсің.
Сөйтіп қосыла берсе, ертең бұған қалың беруге де жарайды ғой.

Аздаған жаяу
қулығы бар Болатбай мұртынан күліңкіреп ап:

- Біреу айтыпты
ғой, Сүлеке,- деді «қайным бай, нағашым бай, нағып жарлы қыласың құдайым-ай!» -
деп. Сол айтқандай, бай жезделері бар, амандықпен ержететін күні болса,
қалыңмал іздетер деймісің, бұл балаға.

Сүлеймен үйінен
шығып аз жүрген соң, ар жағында қаң-қиған ағаш үйлер көрінді. Солардың тұсына
барғанда Болатбай атын тоқтатты.

-        Мынау ағаш үйлер Торсан мен оның
балаларынікі,- деді Болатбай,- бұрын орыс қаласы сияқтанып көшенің екі жағына
қаз-қатар тартылушы еді: Торсанның өз қара басында төрт бөлмеден екі ағаш үй,
Шақанда екі ағаш үй, Шериде, Арабта, Бәкенде бас-басына ағаш үй болушы еді.
Оның жалшы-жалаңгерлері ағаш үйде отыратын. Қора-қопсылары да түгелімен ағаштан
жасалатын. Міне, ақырында сол үйлер азайып кеп, қазір екеу-ақ қалды. Өзгелерін
Торсан көршілес қалалардағы орыс байларына сатты.

-        Неге?

-        Сатпағанда қайтсін, біз есімізді білген
кездегі дәулеттің қазір оннан бірі жоқ. Жылқысы қазір екі жүзге жете ме екен
осы үйдің... Бұрын мыңдап біткен үйдің жылқысы қазір екі-үш жүзден аспайды
білем. Бүрың қора-қора боп өретін қойдан да қазір бір-ақ қотан қалды...

-        Не себепті олай азайған?

-        Қазір дүниенің тетігі ақшада емес пе?
Аяқты мал деген не ол? Бір жұтта қырылады да қалады. Кешегі «Доңыз» аталатын
жұттың қысына Торсан мыңнан аса жылқы салған екен, содан жазғытұрым бірер жүзге
жетер-жетпес қана жылқы аман шығып, өзгесі қырылыпты... Со ма, мал деген?..

-        Ақшасы да бар дейтін еді ғой бұл үйдің?
Сауда-саттық жасайды дейтін еді ғой.

-        Жасауын жасапты. Бірақ оған да ептілік,
ұқыптылық керек емес пе? Торсан балалары сауда үстінде мырзалық құрып, ақшаны
босқа шашты да, ақырда баңкүрт ! болды.

-        Ол не сөз?

-        Қазынадан несиеге бексілмен бұл алады
екен де, бексілді кезінде төлей алмаса, сот өз мүлкінен өндіріп береді екен.
Торсан үйі бір рет жаман баңкүрт болып, мал-мүлкі сатылып кете жаздапты. Қабанда
тұратын Сатыбалды шоқынды кепілдікке алмағанда масқара болады екен. Со борышы
бірнеше жылда әрең төлеп іші-майын тауысып алды да, енді қайтып саудаға жолаған
жоқ. Содан кейінгі күні малға түсіп, ол жыл сайын құлдырап, төмендей келеді...

_ «Аузы қисық болса
да, байдың ұлы сөйлесін» деген сөз рас екен,-- дейді Болатбай демін соза алып,
дәулеті бар кезінде басына бақ оралды, мұның. О бір жылдары Торсанның езі бір
елге, үлкен баласы Шақан бір елге, екінші баласы Шери бір елге, үшеуі үш елге
болыс боп тұрды бұлардың. «Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болды. Ойда
орыс, қырда қазақ бетіне шыққан жоқ...

-        Сондай, «мұрнымен құс тістеп тұрған»
кезінде,- дейді Болатбай, кейіген кескінмен,- мейманасы тасыды бұлардың. Сонша
мол дәулет жетпегендей, кей баласы, әсіресе Шери қолына ұры ұстап, момынның
малын білсе зорлаған ғып, білмесе ұрлаған ғып жеді де отырды. Ешкім оларға
малын сұрап бара алмады. Болысар кісіні және таба алмады. «Батыр бастас, бай
қостас». Әлділер бірінің сөзін бірі сөйледі. Елден теңдік таппаған кейбір момын
бас кетеріп ілгері ұлыққа шағым айтайын десе, олар да мықтының сөзін сөйледі.
Ондайларды Торсан өтірік пәлемен құрытты. Жазықсыз талай жанға «ұры» деп пәле
салып, оның «ұрлығын» ауылнайларына актілетіп абақтыға жап-тырғанын, немесе
айдатып жібергенін көзіміз көрді... Содан кейін, оған кім батып қарсы шықсын!..

-        Әрине...

-        Бұлардың керден кетуі сондай: елде жақсы
ат, жақсы ит, жақсы құс, жақсы киім болса бұлардікі...

-        Сұрап ала ма?

-        Сұраған болады. Бермесе тартып алады...

-        Берсе ше?

-        Сіңіріп кетеді...

-        Пәле ғой мынау, қайтсе де алмай
қоймайтын!..

-        Әрине, пәле!.. Өзгесі былай тұрсын,
кергіп, бетіне жан қаратпайтын боп алғаннан кейін, олар елге ажарлы қыз-келіншекті
билетпейтін болды. Онымен де қоймай, бірінің қатынын бірі әурелейтін болды...

-        Сұмдық қой, мынау!..

-        Әрине, сұмдық!.. Бірақ, ақыры не болды
соның?.. Дәулет қайтып еді, бақ та қайтты. Болыстықтан да, билік-тен де
айрылды... Елде беделі қалмауға айналды. Сыртқы жұрт әлі де «Торсан» көргенмен,
ауылдастары қарсы шығып берекесін кетіре бастады... Малынан құрық, басынан
сырық кетпейтін күні таянды...

Атты сол араға
қаңтарып қонып, Болатбай екеуміз, жаз жабық тұрған қора-қопсымен үйлерді аралап
шықтық. Әдетте, бай адамдар, жайлауға көшер алдында қора, шарбақтарынын, ішін
кең-қоқырдан тазалап, ашық-тесігін бітсп кетеді. Торсан үйінің маңы былығып
жатыр екен. Көктемде еріген қар суымен бытқырап ірігең: малдың қилары
қора-қорада белшеден батарлық саз боп жатыр. Тозығы жеткен қоралардың тебесі
ашық, бүйірлері тесік. Кей қора қайып құлап жатыр. Шана-арба, айыр-тырнауық
сияқты, аспаптар әр жерде шашылған... Үйлерінің есік-терезелері үңірейген...

Осындай тозып,
салақсып, шашылып, былығып жатқан дүниені көруге жүрегі айнығандай:

-        Ал, кетейік, балдызым,- деді Болатбай,-
кер кетіп бара жатқан дүнияны керудің несі қызық!..

-        Маса-сонадан мазасызданып тыпыршып
тұрған қаң-тарулы атқа жақындай беріп, Болатбай арттағы Торсан үйлеріне қарады
да:

-        Шіркін, бір кезде Торсан үйі тасыды-ау!
Өзгесін айтып неғылайын, әнеу бір қораның сыртында жүз елу, екі жүздей асыранды
қаздар жүрер еді. Қыстыгүні алдарына сұлыны қайықпен тегіп қояр еді. Семіз қаздар
қораға жоламай, аязда күртіктің үстіне жатар еді. Ұры оларға болса, болмаса да
тимейді, қасқырдан сақтау үшін, күзетші қояр еді. Қаздарының қаңқылдаған дауысы
қозыкеш жерден естіліп тұрар еді. Торсанның балалары мейманасы тасып тұрған
кезінде, «қаздың етінен басқа ет - ет пе» деп, сиыр еті былай тұрсын, қой мен
жылқының семіз етіне мұрындарын шүйірер еді. Соны істеген олар қазіргі күнде ұрлықтан
келген мәстектің етін ата малының етіндей асайды деп естідім...

-        Сонау қалың зиратқа барып, әуелі дұға
қылайық,- деп Болатбай арбаға мені де міңгізді, езі де мінді. Зиратты жағалап
батыс жағына барғаннан кейін, екеуміз де арбадан түстік.

-        Байдың зираты - міне біреу сегіз құлақты
боп қиылған, үстінде мұнарасы бар ағаш үй,- деді Болатбай.- Осыны сіздің
ауылдағы Құсайынның әкесі Сұраған қиған екен деседі.

Көктемнің шалғыны
недәуір бой тартып қалған жерге екеуміз отыра бергенде:

-        Шырағым, сен «ясинды» оқы, баласы жоқ
бейшаралар ғой, сауабы тиер,- деді Болатбай.

 «Ясинды» оқып отырғанымда, менің көзім Есеней
зиратының, қасындағы қабырдың алдына тігінен қойылған жаулығы аппақ таста
болды. Тасқа жазылған сөздерді көзіммен оқып көрсем, Есенейдің әйелі Ұлпанға
қойылған екен, сөздері алтынмен арапша жазылған. Тастың өзі - мен бұрын
көрмеген тас, биіктігі - кісі бойы қолұсыным, жалпақтығы екі кездей.

«Ясинды» оқып
боп, дұға қылғаннан кейін, Болатбайдан:

_ Бәйбішенің мына
тасы - не тас? - деп сұрап ем:

.- Кім білсін, не
деп атайтынын - деді ол,- әйтеуір қымбат тас деседі ғой. Торсан осыны
Кегрампордан алдыртты деп естиміз. Жұрттың айтуынша, бұл тастың құны айғыр үйір
жылқы көрінеді.

-        Жұрт деген қызық емес пе,- деді
Болатбай, зират маңындағы есік, терезесі жабық мешітке қарап тұрып.- Торсанның
дәуірі жүріп түрған кезде осы мешітте үнемі жұма намазы оқылар еді. Түстік
жердегі ауылдың шалдары жиналар еді. Айт намазы кезінде мешітке жұрт симай,
далаға оқыр еді. Торсанның басынан дәулет қайта бастаған кезде, жұрт оның өзін
сыйламаумен ғана қоймай, мешітін де сыйламайтын болды. Әнеугүні құрбан айты
болғанда, мешітке осы арадағы жиырма шақты үйдің адамынан басқа кісі келмепті
деп естимін...

-        «Әр асуға бір тосу» деген, шырағым,-
деді Болатбай, қаңтарулы тұрған атына қарай жөнеле беріп.- Бір кезде осы араның
патшасындай болған Торсанның да тізесін бүкті. «Ақыр байдың түбі аштан өледі»
деп еді, мұның арты соған соғып жүрмесе не қылсын!..

Болатбайдың
болжалы тура келді. Совет үкіметі құрылып, қанаушы тапқа қысым көрсетілген
кезде, кісі еңбегін жеп қана күн көріп келген, Торсан үйі өзгеден бұрын құлады.
Көп жылдар бойы оның тепкісінде келген жалшылары мен қоңсылары ол үйді тап
ретінде біржола жойды...