ВЕРНУТЬСЯ

Оралман деме,оралман емес, оралған,Өзіңдей ол даҚазақ қанынан жаралған.Саумал самалдан,қымыран қырдан нәр алған.Тағдыры тайқып,Басы ауған жаққа жол алған.Оралман деме,оралман емес, оралған,Нәубетте сонаудүниеге тегіс таралған.Арпалыспенен,қантөгіспененкүн кешіп,Үш милионыөлген, жіткен, жоғалған.Оралман деме,оралман емес, оралған,Ата-баба... мінәжатымен оянған.Дұшпаныңды да,қыспағыңды да жоя алған.Оралман деме,оралман емес, оралған,Қазақстандатоғысты бүгін сан арман.Қаласаң дағы,қаламасаң да күні ертеңАлады орын араңнан.Оралман деме,оралман емес, оралған,Шаттықтың лебішалқысын бозаң далаңнан,жеріңе өт де,еліңе жет де сен оғанТәуелсіздікпен жаңарған!