ВЕРНУТЬСЯ

(немесе Адай-Ата әруағынан кешiрiм сұрау)      “Адайдың iшiнде Отпанның биiгiндеймiн...”                                                                       Мәтжан би.О, Отпантау,Отпантау!Ашылмастан құпиясы жатқан тау,Шашылмастан етек-жеңiн жапқан тау.Сұр мергендер талай арқар атқан тау,Шаттыққа да, қайғыға да батқан тау.Жаулар талай көз алартып шапқан тау,Дайлар талай ұран отын жаққан тау.Жауды қапқан қақпан тау.О, Отпантау,Отпантау!Каспий беттен саумал самал соққан тау.Баурайынан бал-бұлақтар аққан тау.Оралуға алтын қазық қаққан тау.Ырыс үшiн төрт түлiгiн баққан тау.Жанған оттар қып-қызыл бiр шоқ болды-ау,Жылуыңмен алаң жұртың тоқ болды-ау.Киесi сен Адайдың,Арымас нар-түйесi сен Адайдың.Тұлпар құлын туатын биесi сен Адайдың.Бiрақ, бiрақ Адайымды – Аруақ,Жерлегенiң төбеңе әкеп қалай бұл?Көктем сайын бүр жаратын арай Гүл,Мұны пұтқа табыну деп санаймын.О, Отпантау,Отпантау!Аруақтар мекенi дәйiм Аспан емес пе,Аян берiп түсiңде, кейде айналып елеске, Келiп-кетiп жүретiн Жер бетiнде кеңеске?!Ей, Ұлы Адай, Ұлы Адай, Аруағың асқақ-ты,Асқақтығың жауларды талай-талай жасқапты.Ендi, мiне, бiр бiлгiш, бiр бастама бастапты,Бастапты да Отпанға әкеп көмiп тастапты.Үрейiңнен сескенiп тыншығысы келдi ме?Сескенбесе мынаусы, ал мынаусы ендi не?Қарағанда тұратын ап-ашық боп Аспаным,Жақсы едi ғой ұшып кеп шапағатың шашқаның.Басылмауың тiлеймiн табанына басқаның...Өзгеруi дүниенiң, өзгеруi қас-қағым.Жаралған Нұрдан О, Баба,Кешiр, кешiр балалығын ұлыңның,Кешiр, кешiр шалалылығын ұлыңның!!!Керегi бiзге мола емесСәулесi едi-ау Нұрыңның!                                          16.10.2007ж.