ВЕРНУТЬСЯ

немесе анамды жоқтауАсыл анамыз Дарайы Ұлықпанқызының рухына------------------------------------------------------------- Жүректі басып қайғы-мұң,Тұтылып туды Ай-Күнім.Сөнгендей болды Жұлдызым,Сарқылған сынды байлығым.Таусылған сынды базарым,Кернейді бойды аза-мұң.Анашым еді ардағым,Анашым еді ажарым.Орыны толмас қазаның.Тоғыз ай, он күн көтерген,Өмірге бізді әкелген,Асыл бір туған АнағаПарызы кімнің өтелген?Көкірек қалай шерленбес,Жанарға қалай сел келмес?Айрылдық біз де ақырыАнадан жанға теңгермес.Бесікке бөлеп тербеткен,Есті бір ұлан, ерке еткен,Түн ұйқысын сан бөлген,Қиналған кезде дем берген,Табылмас тұлға жер-көктен,Жан-жылуын шипа еткен,Жақсылыққа үйреткен –Анадан асыл айрылып,Жан қиналып, күй кеткен,Тірлігім тартты көңілсіз,Өксікке толды өмір-күз,Анасыз ғұмыр кешудіңӨзі де мүлде мәнісіз.Сыймай да  кетем жерге мен,Сезімім босаң пенде ме ем,Елестеп есіл анашым,Селкілдеп жылап шерленем,Көзімнің жасын тыймаймын,Қимаймын тіптен, қимаймын.Жалған бір істей сұм ажалСанама менің сыймайтын.Қолдаса Алла, бір Құдай,Құдірет қонып шіркін-ай,Мәңгілік өмір сыйлайтын:Анама бақты орнатып,Анама тақты орнатып,Көтеріп көкке жүрер ем,Басыма қонып зор бақыт.Болды ғой бәрі арманым,Тағдырым салды салмағын.Мойынға ауыр жүк артып,Заулайды дүние-жалғаның.Еркелік күндер тиылды,Өмірден түйдік түйінді.Ендігі қалған тірліктеАнасыз пәни бұйырды.Жоғалып жылу-тірегің,Жұлқиды үзіп жүрегің.Жиілеп елес беретін –Іздейсің отты реңін.Жан еді неткен алаулы,Жан еді неткен аяулы.Кешегі дана қалпындаЕлестер жүзбен ояулы.Боламын оны көргендей,Жаныма Ол таяп келгендей.Астында аты арғымақ,Болады аян бергендей.Жүзінде байып, мықтылық,Тұрғандай бәрін ұқтырып,Жасымаң дейтін секілдіКелсе де көзге шық тұнып.Өр пішінменен анам-нар:«Қош болың, дердей, балам ал...»Үстінде зерлі киімі,Басында аппақ орамал.Еңсесі мүлде түспегенАнашым сондай күшті екен.Баласын әлі қорғаштап,Жүрген бір кие-құс па екен?Бойыма мәрттік құяды,Рухым қайта оянды!Тұрғандай демеп анашым,Тіршілік кеш деп баянды!Іс қылса Тәңір нетемін,Артына тәуба етемін.Анашымның ақ сүтінАқ адал ғып өтермін.Адалдық жолын ұстармын,Адамдық жолын ұстармын.Әуелден өзім жақсылықЖасауға жұртқа құштармын.Кіршіксіз менің пейілім,Анамнан алған мейірім.Ата-анамның арқасы –Алшаңдаған сейілім.Қалыппыз енді анасыз,Үш бұтақ – үш ұл баламыз.Тамырымыз таралып,Жапырақ жайып барамыз.Бұл өмірдің парқындай,Бір рулы елдің рухындайБар ғой тірек-панамыз:Қилы ғұмыр өткерген,Бәрі-бәрін көп-көрген –Ел сыйлаған әкемізҚанша құса шеккенмен,Сабыр етіп шектелген,Көздің жасын көрсетпей,Көмейіне кептелген.Ауыр боп тұр бұл қазаСоғыстағы шептерден,Тар жол, тайғақ өткелден.Алпыс жылдай отасқан,Татулығы жарасқан,Жұбайынан ажырарЖан күйзелер шақ келген.Бөліп тұр ғой жол-ағыс,Тағдыр осы опасыз.Маңдайыңа жазылғанТірлік дәмін татасыз.Болса Алланың пәрмені,Пенденің жоқ дәрмені,Бір құдайдың ісі ғойҚанша ғұмыр сүрмегі.Жаратылыс заңы ғойҚарт кісінің өлмегі,Деп айтады әкемізКөргені көп, көргені.Күйзелгенмен өзі де,Басу айтқан сөзі ме,Көңіл, шіркін, босайдыКөзім түссе көзіне.Тұрғанымен амал не,Ет-бауыры езіле,Сезімімді іркемінУақыт-зілін сезіне...Қош бол, дейміз анажан,Тумысынан балажан.Сеніміңді ақтармызБізді азамат санаған.Өсиетің, ақылыңБойымызға тараған.Өзің туған ақыныңӨлең-кірпіш қалаған.Менің екі бауырымДара тұлпар жараған.Тату-тәтті тұрармызҚыл өтпейтін арадан.Бопса тірлік кешпеспізБас қамымен қарақан.Елдің қамын ойлармыз,Жердің қамын ойлармызМирас қоныс бабадан.Сан асуды өтерміз,Биіктерге жетермізҚалып қоймай қарадан.Рухымыз өшпейдіӨзімізге бекембіз.Артының болып қайыры,Сырқатынан айығып,Аман жүргей әкеміз.Жан едіңіз әуелденЕкеуіңіз тел-егіз.Шайқатылып кеткенмен,Түзу жүзгей кемеміз.Мынау өмір – көк теңіз,Сүйеу - Әке, Ағкеміз.Бала-келін, немере,Ағалар мен жеңгеміз,Апалар мен жездеміз.Тумаластар қаншама,Ел боламыз біршама.Бір кісідей жиылғанМың рахмет баршаға.Нағашылар, жиендер,Құда-жекжат, күйеулер,Бажалар мен бөлелер,Тілекші дос-жарандар –Мықты тұғыр-тіреулер...Өмір болмас қазасыз,Кім тартпаған азабын?Аман болың бәрің де,Айналайын, қазағым!Жан болғасын мазасыз,Біз, ақындар, жазамыз.Анамызға арналдыАщы зарлы азамыз.Жайлы болғай тұрағы,Бақи-дүние жұмағы.Ұлан-ұрпағы артында –Сөнбейтұғын шырағы!Орындалды дер едімАрманы мен мұраты!Қалды мәңгі жүректеНұрлы бейне, ұлы аты!Бұ дүниеде жан болдықЖоғалған ең қымбаты.Соңғы тілек: бұйырғайО дүниенің жәннаты.Аман болғай ләйімАртындағы зәузаты... Осыменен тынайын,Сақта өзің, Құдайым!

Автор: