ВЕРНУТЬСЯ

Сала алмаймын мен ендi нақышымды,Қия жартас бөгедi ағысымды.Мың дұшпанның оғына шыдап жүрген,Жүрегiмнiң бiр қыздан сағы сынды. Саз дауыс, сарнай берсең қарлығасың,Қай жаққа қалтаңдайды сорлы басым.Қасiретпен кеудеме қайта қонды,Көңiлiмнен ұшырған қарлығашым. Мен қорқамын арудың тұлғасынан,Жаутаң-жаутаң қараймын қыр басынан.Мың дұшпанның оғына шыдар едiм,Ұстай алсам өмiрдi бiр басынан. Сен тiлейсiң: өмiрiм сайран болсын,Әрбiр күнiм қуаныш, мейрам болсын.Жүрегiме кiрмесе бiр махаббат,Менде мұндай ұлылық қайдан болсын. Өзiң дағы бiр күнi түсiнерсiң.(Жүрегiмдi қалайша кiсi көрсiн?)Менiң жаным бұл күнде қыран бүркiт,Өлсе дағы биiктен ұшып өлсiн.                                       8.02.1982 жыл.