ВЕРНУТЬСЯ

Қия есiктен шығасың қырын кiрiп,Қызды қырып барасың, ұлыңды ұрып.Әйелiне ақынның ел қарайды,Алма менi бiр отқа ұрындырып. Ақын сүйсе-өмiрi ұзарады,Оңайымды бiр алса-қыз алады.Сен ғанасың тыл жағым,осал жерiм,Қорғанымды онсыз кiм бұза алады!.. Егессең құйың мәлiм,айлаң мәлiм,Садаға табаныңа қайран дарын.Сан ғасыр елiм де әлек,жерiм де әлек,Жiгiттiң тiктей алмай тайғандарын!.. Жылтылдаған қыздардың сырғалары,Жетелеп таудан әрi,қырдан әрi.Жомарттығын Ақынның бiлiп тұрып,Тұрсыңдар-ау дәметiп бiр қаланы!.. Көш едiм Қаратаудан көшкен ары,Көшкен ел өскен жерiн еске алады.Өзегiме сен менiң от бергенде,Табаныңа тастармын бес қаланы!..Мың найза кiрпiгiңмен қасыңда бар,Жан пидә қадамыңа басылған әр.Бiр қызға елдi неге сатасың деп,Көп болса бiздiң әкiм басымды алар!.. Сен бұлай өртей берсең...жандырасың,Жандырып...қай ауылға хан қыласың!..Сен аманда-мен аман,абайламай,Табасына бiр иттiң қалдырасың!.. Жасқантып жанарыңмен,жарағыңмен,Кiмсiң-әй,жаныма өрт сала бiлген!..Темiрден мойыныма шынжыр байлап,Күшiктей iзiңе ерiп барамын мен!..                             31.Х.1999 жыл