ВЕРНУТЬСЯ

        Сен бүгін
мектепке барасың Қасым,

Шаттыққа толады
жанарың.

Көңіліңнің
күйімен ұйқасып,

Алдыңнан шығады
жаңа күн.

Сен бүгін
естисің жаңа сөз

Жаныңды бөлейтін
арманға.

Міндеттің көптігін және сөз,

Өзіңмен өзің боп қалғанда.

Қол-басың жуулы,
тап-таза,

Шашың да сәнімен
қиылған.

Байқарсың,
көңіліңде жоқ маза,

Басқа әннен
бөлектеу бүгінгі ән.

Қарайсың
жаудырап алдыңа,

Сол бір сәт
уақыттан озасың.

Үйреніп әріпті,
санды да,

Дәптерге
тәптіштеп жазасың.

Біртіндеп
басталып өсуің,

Ақырын арықтап
азасың.

Жазасың анаңның
есімін,

Әкеңнің есімін
дәптерге жазасың.

Барлығын
мектебің үйретіп,

Жол ашты
білімге, ақылға.

Өзіңе бәйек боп
жүретін

Жазасың әжеңнің
атын да.

Оқуға көңілінді
суытпай,

Өзіңді өзің бір қамшылап,

Менің де атымды ұмытпай,

Жазасың дәптерге
жақсылап.

Партаға отырып
баптанып,

Көңілің бақшадай
тазарсын.

Жазарсың ақындар
аттарын,

Батырлар аттарын
жазарсың.

Сен бүгін қызық
бір базарсың

Арманға ашатын
есігін.

Бір күні қазақ
деп жазарсың

Ардақты еліңнің
есімін.

Батыл бас,
жасқанба, бар, ұлым,

Болашақ өзінді
қуанып күтеді.

Қазақ боп
басталып әр күнің,

Қазақ боп өр
күнің бітеді.

Бұл жолда шаршарсың,

азарсың,

Тереңнен
табарсың ақылды.

Жадына жүртыңның

жазарсың

Өшпес қып өзіңнің атыңды.