ВЕРНУТЬСЯ

     Сері ме,

Селтеңі
ме,

Пері ме
едім,

Байыппен
бағалапты мені де кім, -

Төбеме тік
көтердім жақсыларын,

Жаманнан
баяғыда-ақ жерігемін.

Біреуі болмайын деп шыр бітпестің,

Асықпай,
абыройлы тірлік кештім,

Аллаңыз ажыратпас арамызды

Ар-үят,
адалдықпен кіндіктестім.

Біреуден ілгері ме, кейін бе едік,

Көрмедім
жаңа заңға бейімделіп,

Алағай, бұлағай да бола алғам жоқ.

Қойған соң
құдай өзі зейін беріп.

Төкті ме
мейірімін Аллам маған,

Кезім жоқ
суға кетіп, тал қармаған.

Әйтеуір, адастырмай келе жатыр

Сол алғаш
ағайыннан алған бағам.

Жақсының бірі ғой деп жөні бөлек,

Бұл күнде
жатқан кім бар сені де елеп.

Әзірге алған асу осы боп тұр,

Тіршілік
тәртесіне жегіле кеп...

Мен де тұрам

Сен тұратын қаланда,

Жолығамын
жақсыға да,

Жаманға,

Басып
кеткен жоқпын ба деп ізінді,

Ауық-ауық
қарап қоям табанға.

Баратын жер,

Басар тау
да жоқ басқа,

Мен де
отырам

Сен
отырған көк тасқа,

Әңгіменің
тыңдамаймын ақырын,

Қаншама
рет "қарағым-ай!" деп баста.

Мен де жүрем

Сен
жүретін көшенде,

Естіге де
кезігемін,

Есерге,

Табанымды
тұрам ұзақ сүрткілеп,

...етігімді шешерде!