ВЕРНУТЬСЯ

Серігім де сен мәңгі, сенімім де,елігім де, еркем де, керімім де.Ай жүзіңді ұйқыға қимағандайкейде шошып оянам жеті түнде! Қызғаныш па, сезім бе, сағыныш па,өрекпіген көңіл ме алып-ұшпа,Балаға ұқсап жатасың бал тыныста,мендік жүрек тұрғнда жарылыста! Сомдай алмай бейнеңді өлеңімде,қалам ұстап құр босқа келемін бе?Дәріптемей махаббат ұлылығын,жыр жазудың , асылы, керегі не?!...Нұрлы бейне,өңіңе қарап тағы,ақ жауын сыр құйылып баратқаны...Алғанында өн бойды сезім билеп,сезілмейді сиқырдай таң атқаны. Өмір –ұлы,ол өмір – жүзің сенің,түн болғанда бақыттан көз ілгенің.Күні бойы жадырай жарқын жүріп,жаз көңілдің шуағын сезінгенің. Мен де сонда шабыттың пырағымын,жүрегімнен төгемін жыр-ағынын.Ғашық сезім мәңгіге жоймақ еместолқын атқан баяғы бұлалығын. Серігім де сен менің, сенімім де,елігім де, еркем де, керімім де,Мейірімге жанымды ұйытпаққа –бал кейпіңе қараймын жеті түнде!

Автор: