ВЕРНУТЬСЯ

    Сұлу мен жасқа тәнің тұрар иіп,

Пәк сезім, өтеуі жоқ, шыда күйіп.

Ақын жан сол шағымен асқақтайды,

Бал сезім беріле алсаң о да биік.

Көңілім ырайланып отырмысың,

Жастық шақ, еске түссе тасыр күшің.

Тәтті ойдың ләззаты менің еншім,

Кешіккен менен соң көп ғасыр, түсін.

...Оңаша, ғажап ойлар, бал бөбектей,

Қана ма құштар көңіл бал ғып өппей...

...Сезімім сыйла маған үндес ойлар,

Жүректі жүрек тапсын жалғыз өтпей...

...Болмайды-ау сол сезімді оятпасам?..

...Оятып, шіркін сосын, тояттасам!..

...Жанда - жаз, Тәнде - көктем, өзің - сері,

Ойда - ол, талтаң-талтаң, пай... аттасаң...

Атырау. 22.03.2002 ж.