ВЕРНУТЬСЯ

Асау айдын арнасынан асады,Көзің салсаң көңлің толқып, тасады.Жағалауда жан біткенің сиреген,Сыңсу сынды сезіледі жаз әні.Күн де суық, түннің де тоң-сызын-ай,Жаз-дәуреннің таусылған ба қызығы-ай?Құстардың да шықылығы сейіліп,Басылған ау Күн аптабы, қызуы-ай.Сезім-күйім дегендейін алғаусызСары алтын шаша сұлудайын күлді-ау күз.Қарап тұрсаң, құбылмалы қылығы,Табиғаттың тірлігі де тұрлаусыз.Бірде жазы, бірде күз, қыс,гүл-көктем,Жаратылыс кешеді күн дүрмекпен.Кеше ғана жайдары еді, жаз-тұғын,Сүмбіле кеп өңді өзгеше түрленткен.Ғажап дерсің,айналаңа зер сала,Жайқалады алтынды алқап,кең Дала.Егін пісіп, егіс берсе мәуесін,Елмен бірге марқаяды Жер-ана.Күннен-күнге – күн де салқын сыңайлы,Кім сүймейді жанға жайлы бұл айды.Сүмбіледе су суиды демесең,Сүмбіле-арухор қызындай шырайлы.

Автор: