ВЕРНУТЬСЯ

      Бірің дос, бірің жақын қарындасым,

Аямас, сендер келсең, барын Қасым;

«Жете ме жоққа
жүйрік» деген сөз бар,

Жоқтықта көңіл шіркін тарылмасын.

Артты қой, алдағыдан жарылқасын,

Қуаныш көңілімізден арылмасын.

Зымырап артқа кетіп жатқан күндер,

Білеміз, қайта қусақ, табылмасын.

Тұрмыстың
көтерсек те ауыр тасын,

Жаншылып, өр кеудеміз ауырмасын;

Барлықта арзан табар ағайын көп,

Жоқтықта
тапсын да шын бауырласың.

Бірің дос, бірің жақын қарындасым,

Айтамын, айт десеңдер, сөздің расын:

«Екі жарты - бір бүтін» деген сөз бар,

Бір бүтін қайта екіге жарылмасын.

1948.