ВЕРНУТЬСЯ

Қашаған ақынға арналып, халық ықыласымен салынған әсем ескерткіш мавзолейдің ашылу салтанатында оқылған өлеңТұлпарым, қамыс құлақ кекілденген,Сан торды бұзып өткен, бекінгенмен.Дамылдап тынығуға жатырмысың,Арысым, арынды өзен секілденген.Иә, иә арысым, ақын құсым,Тарпаң тұлпар тәрізді батыл-ды ісің.Орыныңнан бір мезет аунап түсіп,Ұрпағыңа риза боп жатырмысың.Бізбенен  келермісің тұрып сөзге,Алаулайды дарының ұрып көзге.Орнатылған тамыңа байғазы алып,Бар халық жиналуда «Қырық кезге».Ардақтаған атағын даласының,Ардақтаған аруағын бабасының.Ұрпақ қана өшпейді, өркендейді.Жоғалтпай бір дәнін де санасының.Мерейі өсті даламыз, жотамыздың,Қуаныштан құшақтасып жатамыз кіл.Аман болсын халқымыз асылдары,Құтты болсын мекені атамыздың.