ВЕРНУТЬСЯ

Қатігездеу далам-ай, қайран ,тандыр,Құдіретіңе болмайын қайдан таң бұл?!Қара жердің қансын деп кенезесі,Құдай өзі жаудырып қойған жаңбыр!..Мың-сан тамшы ...төгеді...мың-сан ғасыр,Табиғаттан Тамшалы туған асыл.Айналаның барлығы сортаң дала,Ал Тамшалы көк шалғын қызыл-жасыл.Бұл ғаламда тылсым көп тосын келген,Көз сұқтанып, көңліңнің хошы келген.Тамшалым-ай, Тамшалым, қасиетті –Бабаларым баһадүр төсін емген!..Әмірін-ай Алланың еміренген,Көрген адам бас шайқап тебіренген.Жаратқанның жұмбағы, құдіреті –Тамшалыны перизат, пері дер ем!..

Автор: