ВЕРНУТЬСЯ

Бұратана ғой деп сахарада жүрген сенделіп,Бауырыңа тартып, жеріме кірдің иемденіп.Төрімде менің шалжиып жатып алдың да,Төбеме шықтың тегімді төмен, кем көріп. Жылан сұсыңа торғайдай бейне арбалдым,Жайыңды күттім, қамын ойламай мал-жанның.Ата-бабамның тілі мен дінін ұмытып,Арағыңды ішіп, мәңгіріп басым, сандалдым. Шежіре-тарих нұсқауыңменен жазылды,Жонымды тосып, көтердім талай “назыңды”.Өткенің менен бүгініңді ылғи дәріптеп,Өзімнен бұрын алдыңа тостым барымды. Көлеңкеңе ұқсап артыңнан қалмай жүрдім көп,Қара түнектей түлейдің сырын кім білмек?Ұлағатын жойып, инабатын қойып халқымның,Ұл-қызым шықты тіліңде сенің шүлдірлеп. Ағасы, кешір, төзімнің түбін сарқыдым,Көкжиегімді құрсаудан енді аршыдым.Тарихын, тілін, аспанын, күнін қорғағанАта-бабамның жұртында қалған жаршымын! Сөзбен-ақ бүгін қолыңды салдың жағама,Өзіңді менің орныма қойып бағала.“Біткенше демің жеріңді қорғап өткін ”,-деп,Өзімнен кейін тапсырып кетем балама.                             Тамыз, 1991 жыл.