ВЕРНУТЬСЯ

           Үй дегенің - ұлы өмір,

Бар қайғысы, шаттығы.

Үй дегенің - ұлы өмір,

Бар жастығы,
қарттығы.

Үй дегенің - өр
өзен,

Бір сұсты, бір жайлы өңі.

Кіп-кішкентай
терезең -

Дүниенің көз
әйнегі.

Сол терезең таң
көріп,

Әлемге көз жіберер.

Сол арқылы тау
келіп,

Ай мүйізі
тірелер.

Терезеңе шаң
тұнса,

Жуар тамшы түн
қатып.

Желпір терін
артынша

Жапырақтар
құрғатып.

Қарасаң түн
кезінде,

Терезе ақ тал
түстей.

Терезеге -
көзіңе

Тұрса жақсы шаң
түспей.